Jastar Ligasy тұрақты чемпионатында шешуші матчтар өтеді.
«Барыс» «Құлагермен» түздегі текетіресті еш қиналмай жеңді. Қазіргі чемпион қарсыластың қақпасына 14 шайба аттандырып, осы жеңісінің арқасында тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді. Елордалық ұжымның жеті нәтижелі шабуылына Арыстан Амырканов (4+3) қатысты, Сонмин Цой мен Данил Дронов хет-трик жасады.
«Құлагер» - «Барыс» 2:14 (1:3, 0:7, 1:4)
0:1 - 06:19 - Амырканов (Дронов)
0:2 - 07:48 - Цой
1:2 - 11:31 - Горбань (Кузьмин)
1:3 - 15:11 - Бигаринов (Дронов)
1:4 - 23:53 - Цой (Кенжегали)
1:5 - 25:11 - Амырканов (Бигаринов)
1:6 - 29:05 - Дронов
1:7 - 32:07 - Дронов (Амырканов, Быков)
1:8 - 36:06 - Амырканов (Турсынов, Ищенко) ГБ
1:9 - 38:53 - Турсынов (Амырканов) ГБ
1:10 - 39:14 - Кенжегали (Елдес)
1:11 - 43:45 - Дронов (Амырканов, Бигаринов)
2:11 - 44:56 - Горбань (Шадрин, Толстенев) ГБ
2:12 - 52:48 - Цой (Кенжегали)
2:13 - 57:01 - Кенжегали
2:14 - 58:18 - Амырканов (Бигаринов)
Қақпашылар: Валентюкевич (Роговской, 29:05-60:00) - Кучковский (Сапаргалиев, 29:05-60:00)
«Алматы» маңызды матчта «Арланды» жеңіп, осының арқасында оңтүстік астаналық ұжым плей-оффқа жолдама алды. Ал көкшетаулық ұжым соңғы ойынның нәтижесі бойынша кубоктік сегіздікке қатысу мүмкіндігінен айрылды. Қонақтарға жеңісті Дамир Айдуков пен Роман Ермактың дөп соққылары сыйлады. Илья Яковенко өз командасына 30 сейв жасап көмектесті.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша «Арланды» шаң қаптырған «Астана» плей-оффқа жолдама алды.
«Арлан» - «Алматы» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)
0:1 - 10:39 - Айдуков (Токтасынов)
1:1 - 12:47 - Чепышкин (Кабдуали, Кентаев)
1:2 - 32:08 - Ермак (Айдуков, Татаринцев)
Қақпашылар: Лаюров - Яковенко
«Кармет» буллиттер сериясында «Ақтөбені» жеңіп, турнир кестесінде бір қатарға жоғары көтерілді. «Сары-қараларға» Матвей Умеренков, Артур Хусаинов және шешуші соққы жасаған Виталий Божков, сондай-ақ 46 сейв жасаған Алексей Зюзин жеңіс әкелді. Екінші матчтың қорытындысы бойынша Данияр Ахметовтің ойыншылары плей-оффтың бірінші сериясында өз алаңында ойнау үстемдігін қамтамасыз ете алады. Ол үшін «Карметке» кемінде бір балл жинау қажет.
«Кармет» - «Ақтөбе» 3:2 Б (1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 06:39 - Кошевник (Афлитонов)
1:1 - 12:11 - Умеренков (Алтухов, Симонов)
1:2 - 48:03 - Потапов (Кошевник, Церульников)
2:2 - 52:43 - Хусаинов (Гареев, Кайбелев)
3:2 - 65:00 - Божко Б
Қақпашылар: Зюзин - Шпигун
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.