Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.
Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ширек финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.
«Жас Батыр» (1*) – «Алматы» (8)
* Мұнда және әрі қарай – тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша орны
Жеңістер/ұпайлар: 38/78 – 28/58
Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 258/145 – 226/152
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Никита Игнатов (37+38) – Данил Долгополов (61+39)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2, 5:4, 4:2, 5:2
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Никита Игнатов (3+1) – Дамир Айдуков (3+3)
«Жас Батыр» мен «Алматының» тұрақты чемпионаттағы барлық төрт жекпе-жектері атыраулық ұжымның пайдасына шешілді.
Оңтүстікастаналық ұжымның форварды Данил Долгополов тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі атанды. Бұл ретте ол 100 балдық межеге жеткен жалғыз ойыншы.
«Жас Батыр» – биылғы маусымдағы нәтижелілік бойынша екінші команда. Атыраулықтар есебінде 258 шайба (әр матчта орта есеппен 5,38 гол) бар.
«Алматы» нәтижелілік тұрғысынан төртінші және бесінші орындарды «Торпедомен» бөлісті (226 гол).
«Алматы» өкілі Илья Яковенко – тойтарылған соққылар пайызы (92%) бойынша қақпашылар цехінің көшбасшысы.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.