Қазақстан жастар чемпионатының командалары чемпиондық үшін тартысқа кірісті.
«Барыс» пен «Астана» арасындағы алғашқы ширек финалдық матчтың басты қаһармандары – таблоны ұзақ уақыт бойы нөлде ұстап тұрған қақпашылар. Екінші кезеңнің соңында Таир Бигаринов Дәулет Қуаттың қақпасын ала алды. Ал 47-ші минутта Аңсар Алдоңғар екіншісін салды және кейін белгілі болғандай бұл ойынның шешуші шайбасына айналды. Алаң иелерінің қақпашысы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берді.
«Барыс» - «Астана» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 36:01 - Бигаринов (Тлеухан, Авдеенко) ГБ
2:0 - 46:03 - Алдонгар (Бигаринов, Тлеухан)
Қақпашылар: Кучковский - Куат
«Барыс» - «Астана» сериясындағы есеп: 1-0 (2:0)
«Жас Батыр» мен «Алматы» матчты негізгі уақыттан тыс аяқтады. Негізгі уақытта командалар Артём Снытин мен Никита Игнатовтың орындауындағы дөп соққылармен алмасты. Ал овертаймда арнайы бригаданың ойыны алға шықты. Нәтижесінде қонақтар алдымен кем құраммен төтеп берді, ал әрі қарай артық құрам ұйымдастырды. Роман Ермактың голы «Алматыға» тұрақты чемпионат жеңімпазымен серияда алға шығуға мүмкіндік берді. Оңтүстік астаналық команда қақпашысы Илья Яковенко өз есебіне 37 сейв жазды.
«Жас Батыр» - «Алматы» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 14:46 - Снытин
1:1 - 29:55 - Игнатов (Контуганов, Рудаков)
1:2 - 70:43 - Ермак (Неумывакин)
Қақпашылар: Еркинов - Яковенко
«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-1 (1:2 ОТ)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.