Астана елордалық тартыста есеп теңестірді, Алматы Атыраудан екі жеңіспен қайтты

4 naýryz
365

Астана мен Атырауда Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық серияларының матчтары жалғасуда.

«Барыс» пен «Астананың» екінші кездесуі қонақтардың бақылауында болды: «астаналықтар» бірінші минуттан-ақ үстемдікке ие болып, әрі қарай шабуылды үдетті. Өз есебіне екі голдан Игнат Шевченко, Алексей Фрукалов пен Амир Шегебаев жазды. Командалар «елордалықтардың» үйдегі аренасына сериядағы 1-1 есеппен аттанады.

«Барыс» - «Астана» 4:7 (2:3, 1:2, 1:2)

0:1 - 00:55 - Шукелов (Сатемиров, Кушнеренко)

0:2 - 04:39 - Шевченко (Селезнев)

1:2 - 06:26 - Гридасов (Саттар)

1:3 - 14:00 - Фрукалов

2:3 - 19:58 - Цой (Манаш)

2:4 - 24:31 - Шевченко (Селезнев, Шевченко) ГБ

2:5 - 26:57 - Шегебаев (Кушнеренко, Шегебаев)

3:5 - 39:38 - Левковец (Бигаринов) ГБ

3:6 - 46:42 - Фрукалов (Бекеев, Селезнев)

3:7 - 54:06 - Шегебаев (Кабдуали, Сатемиров)

4:7 - 57:40 - Манаш (Цой, Кенжегали)

Қақпашылар: Кучковский (Кулаков, 04:39-58:25) - Куат

«Барыс» - «Астана» сериясындағы есеп: 1-1 (2:0, 4:7)

«Жас Батыр» өз алаңында «Алматының» арынын баса алмады. Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы ширек финалдық серияны күтпеген жерден қатарынан екі жеңілістен бастады. Бүгін қонақтарға Павел Татаринцевтің, Данил Долгополов пен Артур Шмидттың дөп соққылары жеңіс әкелді. Қақпаға бағытталған 51 соққыға тойтарыс берген «Алматы» голкипері Илья Яковенко тамаша ойын көрсетті.

«Жас Батыр» - «Алматы» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 - 19:02 - Юдин (Мухамедияров)

1:1 - 25:46 - Татаринцев (Югай, Долгополов)

1:2 - 31:09 - Долгополов (Ивановский)

2:2 - 50:38 - Гусейнов (Игнатов, Бабичев)

2:3 - 53:52 - Шмидт (Ермак)

Қақпашылар: Еркинов - Яковенко

«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-2 (1:2 ОТ, 2:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.