Қазақстан жастар чемпионатының тағы төрт командасы плей-офф тартысына кірісті.
«Кармет» пен «Торпедоның» алғашқы кездесуінде командалар ойынды негізгі уақыттан тыс аяқтады. Овертаймда қонақтар дәлірек көздеді – өскемендіктерге Никита Мерзликиннің дөп соққысы жеңіс әкелді. «Торпедо» қақпашысы Вадим Грохотовтың есебінде 41 сейв бар.
«Кармет» - «Торпедо» 2:3 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 0:1)
1:0 - 12:15 - Забурдяев (Соколов)
1:1 - 17:24 - Рысбеков (Беляков, Глухих)
1:2 - 46:34 - Хан (Мерзликин)
2:2 - 53:59 - Хусаинов (Симонов, Божко)
2:3 - 67:41 - Мерзликин (Глухих, Хан)
Қақпашылар: Зюзин - Грохотов
«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 0-1 (2:3 ОТ)
«Ақтөбе» мен «Ястребы» командаларының алғашқы жекпе-жегінің тағдырын бір гол шешті. Ойынның ортасында оралдықтардың қақпасын Марк Поленов алды және дәл осы гол ойынның нүктесін қойды. Алаң иелерінің голкипері Максим Дубович қақпаға бағытталған 44 соққыға тойтарыс берді.
«Ақтөбе» - «Ястребы» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)
1:0 - 29:10 - Поленов
Қақпашылар: Дубович - Шарипов
«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 1-0 (1:0)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.