Торпедо мен Ақтөбе өз қарсыластарын екінші рет жеңді

5 naýryz
232

Теміртау мен Ақтөбеде Jastar Ligasy-ның ширек финалдық сериялары жалғасуда.

«Кармет» пен «Торпедо» екінші матчта овертаймға шықты. Негізгі уақытта алаң иелері құрамынан Никита Рублев пен Альхам Калкабек көзге түсті. Өскемендіктер бұған Артур Глухихтің дублімен жауап берді. Данил Надейкиннің дөп соққысы «торпедолықтарға» үйдегі ойындар алдында жайлы үстемдікке ие болуға мүмкіндік берді. Қонақтардың қақпашысы Вадим Грохотовтың есебінде 45 сейв бар.

«Кармет» - «Торпедо» 2:3 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 09:59 - Глухих (Беляков, Мерзликин)

1:1 - 25:37 - Рублёв (Лигай)

2:1 - 27:06 - Калкабек (Венецкий, Давлетшин)

2:2 - 36:23 - Глухих (Ануфриев, Хан) ГБ

2:3 - 63:28 - Надейкин (Ануфриев)

Қақпашылар: Тө/леубай - Грохотов

«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 0-2 (2:3 ОТ, 2:3 ОТ)

«Ақтөбе» мен «Ястребы» командаларының екінші кездесуі біріншісіне қарағанда нәтижелі болды. Алаң иелері бірінші кезеңде есеп бойынша маңызды межеге жетіп, әрі қарай оралдықтарға бақылауды бермеді. Ақтөбеліктер үшін жеңіс голының авторы – Роман Двуреченский, Марк Поленов командаластарына екі рет пас берді. Максим Дубович қақпаға бағытталған 44 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 6:3 (3:1, 1:1, 2:1)

0:1 - 09:51 - Черников (Талерко)

1:1 - 12:42 - Мозжерин (Поленов, Кошевник) ГБ

2:1 - 14:21 - Монахов (Шипулин, Катасонов)

3:1 - 17:45 - Поленов (Двуреченский, Пономарёв) ГБ

3:2 - 21:35 - Семенюков (Рязанов, Рахимов) ГБ

4:2 - 39:39 - Двуреченский (Поленов)

5:2 - 45:41 - Кошевник (Жумажан, Церульников)

6:2 - 47:14 - Илияс (Жумажан)

6:3 - 50:56 - Бородин (Шакубаев)

Қақпашылар: Дубович - Шарипов

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 2-0 (1:0, 6:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.