Алматы мен Астанада Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық сериясының матчтары жалғасып жатыр.
«Жас Батыр» үйдегі екі жеңілістен кейін плей-оффтағы жеңісін бастады. Бұл ретте тұрақты чемпионат жеңімпазы қарсыласқа есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтаруға мүмкіндік беріп, сүріне жаздады. Десе де, атыраулықтар овертаймда өз дегеніне жетті. Шешуші соққының авторы – Матвей Рудаков. Алматылықтар құрамынан Юрий Андрусенко дубль жасады.
«Алматы» - «Жас Батыр» 4:5 ОТ (0:1, 0:2, 4:1, 0:1)
0:1 - 18:17 - Киселёв (Гусейнов, Ткачев)
0:2 - 24:32 - Игнатов (Гусейнов, Киселёв)
0:3 - 34:00 - Еркинов (Юдин)
1:3 - 41:07 - Андрусенко (Неумывакин, Ермак)
2:3 - 41:48 - Ермак (Югай, Буяльский)
3:3 - 55:36 - Айдуков (Ермак, Неумывакин) ГБ
4:3 - 57:50 - Андрусенко (Ермак, Тен)
4:4 - 59:51 - Свинтальский (Киселёв, Игнатов)
4:5 - 65:28 - Рудаков (Гусейнов, Ильясов)
Қақпашылар: Яковенко - Еркинов
«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-2 (1:2 ОТ, 2:3, 5:4 ОТ)
«Барыс» серияның үшінші матчында «Астанаға» төтеп бере алмады. Елордалықтар бірінші кезеңде қажетті есеп алшақтығын орнатып, әрі қарай ойынды жеңіске жеткізді. Өз есептерін сұрмергендер Игнат Шевченко, Алексей Фрукалов пен Матвей Завьялов толтырды. Алаң иелерінің қақпашысы Дәулет Қуат қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берді.
«Астана» - «Барыс» 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)
1:0 - 10:50 - Шевченко (Фрукалов, Бекеев) ГБ
2:0 - 19:49 - Фрукалов (Бекеев, Селезнев)
3:0 - 51:54 - Завьялов (Амангалиев, Мейрам)
Қақпашылар: Куат – Кулаков
«Барыс» - «Астана» сериясындағы есеп: 1-2 (2:0, 4:7, 0:3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.