Кармет серияда Торпедоны алғаш рет жеңді, Жас Батыр Алматыдан жеңісті жұлып әкетті

8 naýryz
186

Өскемен мен Алматыда Jastar Ligasy-ның ширек финалдық сериялары жалғасып жатыр.

«Кармет» үйдегі екі матчы аясындағы овертаймдағы жеңілістерінен кейін «Торпедомен» сериядағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бүгін Өскеменде қонақтарға Альхам Қалқабек пен Никита Рублёвтің дөп соққылары, сондай-ақ 29 сейв жасаған Алексей Зюзиннің тамаша ойыны жеңіс әкелді.

«Торпедо» - «Кармет» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)

0:1 - 05:03 - Калкабек (Забурдяев)

0:2 - 30:25 - Рублёв (Соколов)

1:2 - 49:52 - Беляков (Мерзликин, Надейкин)

Қақпашылар: Грохотов - Зюзин

«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 1-2 (2:3 ОТ, 2:3 ОТ, 2:1)

«Жас Батыр» оңтүстік астанада екінші рет жеңіске жетіп, «Алматымен» серияда есеп теңестірді. Тұрақты чемпионат жеңімпазы шешуші шайбаны негізгі ойын уақытының аяқталуына 50 секунд қалғанда салды. Оның авторы – Дастан Еркінов. Дулат Еркінов өз есебіне 18 сейв жазды. Осылайша, атыраулықтар түздегі екі сәтті ойыннан кейін өз алаңында ойнау үстемдігін қайтарды.

«Алматы» - «Жас Батыр» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 09:11 - Рудаков (Юдин)

1:1 - 10:30 - Айдуков (Неумывакин, Ермак) ГБ

1:2 - 24:32 - Контуганов (Перминов, Садыков)

2:2 - 26:39 - Долгополов (Ивановский, Татаринцев)

2:3 - 59:10 – Еркинов Да. (Рудаков, Перминов)

Қақпашылар: Яковенко – Еркинов Ду.

«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-2 (1:2 ОТ, 2:3, 5:4 ОТ, 3:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.