Өскемен мен Оралда Jastar Ligasy плей-оффының бірінші раундының сериялары жалғасуда.
«Кармет» пен «Торпедоның» тартысты текетіресі кемінде алты матчқа созылады. Бүгінгі кездесуде жеңісті Данияр Ахметовтің ойыншылары жұлып алды. «Сары-қараларға» жеңісті Матвей Умеренковтың, Никита Коротких пен Тимур Давлетшиннің дөп соққылары сыйлады. Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді. Серияның келесі ойыны металлургтер қаласында өтеді.
«Торпедо» - «Кармет» 2:3 (2:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 07:27 - Умеренков
1:1 - 15:25 - Мерзликин (Глухих)
2:1 - 18:18 - Базанов (Шимин, Астраханцев)
2:2 - 20:45 - Коротких (Хусаинов)
2:3 - 43:27 - Давлетшин (Ольденбургер, Хусаинов)
Қақпашылар: Грохотов - Зюзин
«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-2 (2:3 ОТ, 2:3 ОТ, 2:1, 3:2)
Оралда «Ястребы» және «Ақтөбе» матчты тағы да негізгі уақыттан тыс аяқтады. Алаң иелері 52-ші минутқа дейін екі шайбамен алда келе жатты. Алайда қонақтар есе қайтарып қана қоймай, Даниил Цихоцкийдің голының арқасында сериядағы үшінші жеңіске қол жеткізді.
«Ястребы» - «Ақтөбе» 3:4 ОТ (0:1, 3:0, 0:2, 0:1)
0:1 - 13:07 - Мозжерин (Шпак)
1:1 - 27:40 - Михеев
2:1 - 28:32 - Лебедев (Машанов, Крицин Л.)
3:1 - 34:12 - Крицин С. (Пидяшов, Михеев)
3:2 - 52:37 - Церульников (Кошевник)
3:3 - 58:35 - Двуреченский (Цихоцкий)
3:4 - 61:10 - Цихоцкий (Пономарёв) ГБ
Қақпашылар: Шарипов - Дубович
«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 3-1 (1:0, 6:3, 3:4 ОТ, 4:3 ОТ)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.