Торпедо Теміртауда тағы да жеңіске жетті, Ястребы серияны Оралға қайтарды

12 naýryz
349

Қазақстан жастар чемпионаты плей-оффының бірінші раунды екі матчпен жалғасты.

«Торпедо» «Карметпен» серияда тағы да алға шықты. Өскемендіктер металлургтер қаласында тағы да жеңіске жетті. Қонақтар кездесудің ортасына қарай шешуші үстемдікке ие болды. Егор Шимин, Эдуард Ефремов пен Даниил Надейкин көзге түсті. Әрі қарай «сары-қаралар» есеп алшақтығын Матвей Умеренков пен Артур Хусаиновтың күшімен азайтты, алайда алаң иелері жеңілістен құтыла алмады. Серияның алтыншы жекпе-жегі Өскеменде өтеді.

«Кармет» - «Торпедо» 2:3 (0:2, 1:1, 1:0)

0:1 - 07:06 - Шимин (Рысбеков) ГБ

0:2 - 18:35 - Ефремов (Ануфриев)

0:3 - 29:13 - Надейкин (Рысбеков)

1:3 - 34:17 - Умеренков

2:3 - 56:35 - Хусаинов (Гареев, Божко) ГБ

Қақпашылар: Зюзин (Толеубай, 40:00-59:22) - Грохотов

«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-3 (2:3 ОТ, 2:3 ОТ, 2:1, 3:2, 2:3)

«Ястребы» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Ақтөбемен» бесінші ойында жеңісті жұлып алды. Қонақтар құрамынан өз есептерін Султанбек Рахимов, Владислав Михеев пен Лев Крицин толтырды. Абай Шәріпов қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берді. Осылайша, оралдықтар серияны өз қаласына қайтарды. Оралда серияның алтыншы матчы өтеді.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 2:3 (0:1, 2:0, 0:2)

0:1 - 15:39 - Рахимов (Лебедев, Ауезбай)

1:1 - 30:27 - Цихоцкий (Поленов, Двуреченский)

2:1 - 38:30 - Двуреченский (Цихоцкий, Мозжерин) ГБ

2:2 - 41:43 - Михеев (Бородин, Семенюков)

2:3 - 56:53 - Крицин Л.

Қақпашылар: Дубович - Шарипов

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 3-2 (1:0, 6:3, 3:4 ОТ, 4:3 ОТ, 2:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.