Қазақстан жастар чемпионатының ширек финалдық кезеңі оңтүстік астанадағы матчпен жалғасты.
Командалардың алтыншы кездесуі ағымдағы серияның ең нәтижелі матчы болды. Алматылықтарға матч соңы жеңіс әкелді – алаң иелері кездесудің 58-ші минутында таразы басын өз тарапына жықты. Ал соңғы шайба «Жас Батырдың» қақпасына финалдық ысқырыққа 16 секунд қалғанда ұшып кірді. Жеңімпаздар құрамынан Данил Долгополов пен Дамир Айдуков дубль жасады. Илья Яковенко қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді. Атыраулықтардан Даниил Свинтальский мен Иса Гусейнов екі реттен шайба салды. Серияның шешуші матчы елдің батысында өтеді.
«Алматы» - «Жас Батыр» 6:4 (1:1, 3:3, 2:0)
0:1 - 17:01 - Свинтальский (Мухамедияров, Ткачев)
1:1 - 19:47 - Долгополов (Ермак, Андрусенко)
2:1 - 22:43 - Неумывакин (Долгополов, Андрусенко)
3:1 - 31:28 - Айдуков (Ботищев, Токтасынов)
3:2 - 34:06 - Гусейнов (Садыков, Мухамедияров) ГБ
3:3 - 36:23 - Свинтальский (Садыков, Контуганов) ГБ
3:4 - 37:07 - Гусейнов (Игнатов)
4:4 - 37:46 - Андрусенко (Ермак)
5:4 - 57:50 - Айдуков (Ермак)
6:4 - 59:44 - Долгополов (Татаринцев) ГБ
Қақпашылар: Яковенко - Еркинов
«Жас Батыр» - «Алматы» сериясындағы есеп: 3-3 (1:2 ОТ, 2:3, 5:4 ОТ, 3:2, 3:1, 4:6)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.