Торпедо мен Ақтөбе жартылай финалға шықты

15 naýryz
602

Jastar Hokei Ligasy плей-оффының тағы екі жарты финалисі анықталды.

«Торпедолықтар» «Карметпен» алтыншы жекпе-жекті екпіндетіп бастап, қарсыласты бірінші үзіліске дейін төрт рет күйіндірді. Қонақтар ұзақ уақыт бойы мұндай тегеурінге төтеп бере алмай, алаң иелері жағдайды пайдаланып, керекті есеп алшақтығын орнатты. Артур Глухих пен Даниил Надейкин екі реттен шайба салды. Вадим Грохотов қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді. Осылайша, «Торпедо» жартылай финалдық раундтың екінші қатысушысы атанды.

«Торпедо» - «Кармет» 6:2 (4:1, 2:0, 0:1)

1:0 - 01:30 - Глухих (Беляков, Мерзликин)

1:1 - 04:58 - Алтухов (Умеренков)

2:1 - 09:20 - Глухих

3:1 - 10:11 - Надейкин (Глухих, Мерзликин)

4:1 - 11:11 - Ануфриев (Ефремов)

5:1 - 22:58 - Украинцев (Ануфриев, Трегубов)

6:1 - 38:21 - Надейкин (Глухих)

6:2 - 50:55 - Умеренков (Базько, Забурдяев)

Қақпашылар: Грохотов - Зюзин (Азизи, 22:58-40:00)

«Кармет» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-4 (2:3 ОТ, 2:3 ОТ, 2:1, 3:2, 2:3, 2:6)

Ағымдағы плей-оффтың үшінші жартылай финалисі – ақтөбелік ұжым. Бірінші кезеңнен кейін Леонид Панковтың ойыншылары үш шайба артта қалғанына қарамастан, «Ақтөбе» екінші кезеңнің алғашқы бес минутында есеп теңестіре білді. Үшінші кезең тағы да алаң иелерінің шайбасымен басталды, алайда қонақтар ұзақ күтпей, бір минуттан кейін есеп теңестірді. Жанкүйерлер үшінші үзіліске кетуге дайын болды, алайда негізгі уақыттың аяқталуына 104 секунд қалғанда Роман Двуреченский Абай Шәріповтің қақпасын алып, өз ұжымын жартылай финалға алып шықты.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 4:5 (3:0, 0:3, 1:2)

1:0 - 05:30 - Талерко

2:0 - 09:30 - Шакубаев (Мануилов, Крицин)

3:0 - 19:58 - Лебедев (Крицин) ГБ

3:1 - 21:32 - Цихоцкий (Мозжерин)

3:2 - 22:11 - Монахов (Катасонов)

3:3 - 25:02 - Монахов (Кошевник) ГБ

4:3 - 45:28 - Бородин (Семенюков, Рахимов) ГБ

4:4 - 47:47 - Мозжерин (Двуреченский)

4:5 - 58:16 - Двуреченский (Мозжерин, Зубарев)

Қақпашылар: Шарипов - Дубович

«Ақтөбе» - «Ястребы» сериясындағы есеп: 4-2 (1:0, 6:3, 3:4 ОТ, 4:3 ОТ, 2:3, 5:4)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.