Ақтөбеде Қазақстан жастар чемпионаты плей-оффының жартылай финалдық кезеңі басталды.
Алматылықтар жетінші минутта есеп ашты – оңтүстік астаналық ұжым көшбасшысы Данил Долгополов артық құрам ұйымдастырды. Екінші кезеңнің ортасында Дамир Айдуков қонақтардың үстемдігін нығайтты. Батысқазақстандықтарды ойынға Савелий Потаповтың дөп соққысы қайтарды. Алайда «Ақтөбе» ойыншылары одан әріге бара алмады. 38 сейв жасаған «Алматы» қақпашысы Илья Яковенко кезекті рет кездесудің қаһарманы атанды.
«Ақтөбе» - «Алматы» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 - 06:16 - Долгополов (Айдуков, Андрусенко) ГБ
0:2 - 32:58 - Айдуков
1:2 - 44:54 - Потапов (Поленов)
Қақпашылар: Дубович - Яковенко
«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-1 (1:2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.