Торпедо үстемдікті нығайтты

23 naýryz
239

Өскеменде Қазақстан жастар чемпионатының екінші жартылай финалдық жекпе-жегі өтті.

Бірінші кезеңде-ақ «торпедолықтар» үш рет шайба салды: Никита Дубинкин артық құрам ұйымдастырды, Артур Глухих пен Кирилл Хан дөп соққы жасады. Екінші кезеңнің басында Максим Кушнеренко «елордалықтарды» ойынға оралтты, ал қонақтардың екінші шайбасын Ибрагим Абдрахманов салды. Алайда бұл екі голдың арасында Владислав Ануфриевтің дөп соққысы кірісті. Кездесуді «Астананың» бос қақпасына шайба дарытқан Диас Рысбеков қорытындылады. Командалар елордаға шығысқазақстандық ұжымның пайдасына шешілген сериядағы 2-0 есебімен ойысты.

«Торпедо» - «Астана» 5:2 (3:0, 1:2, 1:0)

1:0 - 03:37 - Дубинкин (Рысбеков, Шимин) ГБ

2:0 - 08:13 - Глухих (Ефремов, Хан)

3:0 - 12:14 - Хан (Глухих, Худяков)

3:1 - 20:51 - Кушнеренко (Селезнев)

4:1 - 29:34 - Ануфриев (Шимин)

4:2 - 31:01 - Абдрахманов (Фрукалов, Шевченко)

5:2 - 59:41 - Рысбеков (Ануфриев) ПВ

Қақпашылар: Грохотов - Куат

«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-0 (3:2 ОТ, 5:2)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.