Ақтөбе Алматымен сериядағы алшақтықты азайтты

25 naýryz
196

Оңтүстік астана Jastar Ligasy тұрақты чемпионатының үшінші және сегізінші командалары арасындағы жартылай финалдық серияның матчын қабылдады.

Үйдегі екі жеңілістен кейін батысқазақстандық ұжым қарымта қайтаруға ынталы болды және бұл қонақтардың қолынан келді. Ақтөбеліктер екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қорғаныста мығым ойнады. Бұл ретте екі шайба Алматы қақпасына алаң иелерінің артық құрамы кезінде аттанды. Жеңімпаздар құрамынан Даниил Цихоцкий, Максим Мозжерин, Савелий Потапов, Андрей Церульников пен Георгий Монахов шайба салды. Максим Дубович қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Ақтөбе» 1:5 (0:1, 0:3, 1:1)

0:1 - 05:24 - Цихоцкий (Поленов) ГМ

0:2 - 25:08 - Мозжерин (Двуреченский)

0:3 - 26:46 - Потапов (Пономарёв) ГМ

0:4 - 38:40 - Церульников (Шпак, Монахов) ГБ

0:5 - 48:54 - Монахов (Артамонов)

1:5 - 57:20 - Долгополов (Ермак, Неумывакин) ГБ

Қақпашылар: Яковенко (Павлов (40:00 - 60:00) – Дубович

«Ақтөбе» - «Алматы» сериясындағы есеп: 1-2 (1:2, 0:2, 5:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.