«Торпедо» мен «Астананың» жартылай финалдық текетіресінде кемінде алты кездесу өтеді.
Матчта есепті бірінші үзіліске 15 секунд қалғанда алаң иелері ашты – Никита Селезнёв көзге түсті. Екінші кезеңде бастапқы шайба тастаудан кейін 27 секунд өтісімен «елордалықтардың» үстемдігін Жанболат Бекеев нығайтты. Үшінші шайбаны өскемендіктердің қақпасына артық құрам ұйымдастырған Алдияр Кабдуали салды. Кирилл Хан бір голдың есесін қайтарды, алайда «торпедолықтар» одан әрі аса алмады. Матч соңында қақпашыны алтыншы алаң ойыншысымен алмастырып, қарсы шабуылды өткізіп алды және Максим Кушнеренко қорытынды есепті орнатты.
«Астана» - «Торпедо» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 19:45 - Селезнев (Кушнеренко)
2:0 - 20:27 - Бекеев (Селезнев, Фрукалов)
3:0 - 35:57 - Кабдуали (Шукелов, Чепышкин) ГБ
3:1 - 39:50 - Хан (Астраханцев)
4:1 - 59:16 - Кушнеренко ПВ
Қақпашылар: Куат (Маржикпаев, 59:16-60:00) - Грохотов
«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-2 (3:2 ОТ, 5:2, 0:3, 1:4)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.