Елордада Jastar Ligasy-ның кезекті жартылай финалдық сериясы аяқталды.
Бұл матчта екінші кезеңнің екінші жартысы шешуші болды. «Астана» екі минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде қарсыластың қатарынан үш рет аластатылуына қол жеткізді және бұл серпіліс ойынның ары қарайғы барысына елеулі ықпал етті. Соңғы кезеңде қарсы қақпаға 13 соққы бағыттағанына қарамастан, өскемендіктер есеп бойынша елордалықтарға жуықтай алмады және серия басындағы үйдегі екі жеңісінен кейін «Торпедо» қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады. Елордалықтар құрамынан Владимир Чепышкин, Игнат Шевченко, Әлішер Аманғалиев пен Жанболат Бекеев гол салды. Алексей Фрукалов командаластарына екі рет пас берді.
Осылайша, финалда тұрақты чемпионаттың үшінші және жетінші командалары – «Ақтөбе» мен «Астана» ойнайды. Қола жүлделер үшін серияда «Торпедо» мен «Алматы» жолығады.
«Астана» - «Торпедо» 4:2 (1:1, 3:1, 0:0)
1:0 - 12:44 - Чепышкин (Шегебаев, Шукелов) ГБ
1:1 - 19:37 - Глухих (Астраханцев)
1:2 - 26:28 - Хан (Глухих, Надейкин)
2:2 - 30:25 - Шевченко (Фрукалов, Бекеев) ГБ
3:2 - 31:17 - Аманғалиев ГБ
4:3 - 32:44 - Бекеев (Селезнев, Фрукалов) ГБ
Қақпашылар: Куат - Грохотов
«Торпедо» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-4 (3:2 ОТ, 5:2, 0:3, 1:4, 1:2, 2:4)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.