Алексей Решетников: «Жастар командасы басты міндетті орындады»

5 mamyr
82

«Торпедо» жастар командасының бас бапкері Алексей Решетников клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында 2024-2025 жылғы маусымды қорытындылады.

«Торпедо» жастар командасының бас бапкері Алексей Решетников клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында 2024-2025 жылғы маусымды қорытындылады.

- Команда чемпионат алдында Қазақстан кубогін жеңіп алды, күзде тұрақты чемпионат кестесінде көш бастады, одан кейін шегінді. Мұның себебі бар ма?

- Біріншіден, маусымды біз оңтайлы құраммен бастадық. Маусымалды жиындарда іргетасы қаланды. Екіншіден, құлдырау желтоқсан-қаңтар айларында болды. «Торпедоның» негізгі командасында жарақаттануларға байланысты түйткілдер болды, бірнеше ойыншы халықаралық турнирлерге қатысу үшін құрамаға шақырылды, сәйкесінше, біздің командадан хоккейшілер тартыла бастады. Біз құрамға лигада алғашқы қадамдарын жасап бастаған 2008 жылғы жас хоккейшілерді қоса бастадық. Орталық шабуылшы Артур Глухихтің денсаулық жағдайы бойынша маусымның бір бөлігін өткізіп алғаны бізді әлсіретіп кетті. Чемпионаттың бірінші бөлігінде біз көбінесе турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалармен ойнадық. Желтоқсан мен қаңтарда біз көш бастаушы командаларға қарсы шықтық. Кейбір жетекші ойыншыларсыз басқа нәижеден үміттену қиын болды.

- Плей-оффтың бірінші раундында «Торпедо» «Карметке» қарсы ойнады және серия да тартысты болды.

- Біз команданы тірнектеп жинадық, Никита Мерзликин жарақаттан кейін біз әзірлеген жаттығу бағдарламасы бойынша қалпына келіп, плей-офф ойындарына қиналмай кірісіп кетті. Жастар командасы үшін Мерзликин тек мотор ғана емес, барлығына күш беретін беделді тұлға. Оның қасында Артур Глухих те мүлдем басқаша ойнайды. Біз плей-оффты негізгі құрамның сегіз ойыншысынсыз аяқтадық. Қақпашы Вадим Грохотовтың ойынын атап өткім келеді. Ол плей-офф бойы табанды ойын көрсетіп, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды.

- Маусымның қорытындысына қандай баға бересіз?

- Жастар командасының басты міндеті – шеберлер командасы үшін резерв дайындау. Бұл міндеттің үдесінен шыққандар – Никита Мерзликин, Диас Рысбеков, Егор Шимин, Артур Глухих, Тамерлан Манажанов, Данила Беляков, Кирилл Хан Pro Ligasy-да ересектер командасы үшін ойнады. Оттавадағы элиталы дивизионда Қазақстан жастар құрамасы үшін қорғаушы Данила Беляков, Венгриядағы юниорлар құрамасы үшін шабуылшы Артур Глухих ойнады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.