Богдан Дровосеков: «Бестіктегі барлық ойыншының өзара байланысы өте маңызды»

15 qarasha
99

Jastar Ligasy-ның қазан айындағы үздік қорғаушысы, «Астана» ойыншысы Богдан Дровосеков алған атағына қатысты пікір білдірді.

– Богдан, құттықтаймыз!

– Рақмет! Еңбегіңнің бағаланғаны және атқарып жүрген жұмысыңның зая кетпегенін түсіну өте қуанышты.

– Өз ойыныңды қалай бағалайсың және қазір көбіне нені жетілдіруге көңіл бөліп жүрсің?

– Шабуылдағы ойынымды оң бағалаймын. Хет-трик жасағаныма қуаныштымын. Қазір қарсыласты алдап өту мен соққы жасау шеберлігімді жетілдіруге көңіл бөліп жүрмін.

– Қорғаныстағы серіктестеріңмен өзара түсіністік қаншалықты маңызды?

– Бестіктегі барлық ойыншының өзара байланысы өте маңызды. Бұл әлдеқайда жақсы ойнауға көмектеседі. Біз матчқа дейін, ойын барысында және одан кейін сөйлесіп, өзара түсіністікті қалыптастырамыз.

– Маусымның қалған бөлігіне өзіңе және командаңа қандай мақсат қойып отырсың?

– Команданың мақсаты біреу ғана – жеңіске жету. Жанкүйерлерімізді, клуб қызметкерлерін және өзімізді кубокпен қуантқымыз келеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.