Алматы Рудныйда тағы да жеңіске жетті, Астана плей-офф аймағындағы орнын нығайтты, Барыс металлургтер қаласынан 4 ұпаймен оралды

14 qarasha
131

Сенбі күні қазақстандық хоккей жанкүйерлерін Jastar Ligasy аясындағы үш матч күтіп тұр.

«Алматы» Рудныйда екінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпионаттың үздік үш командасы қатарындағы орнын сақтап қалды. Қонақтар сапында Темірлан Марат дубль авторы атанса, Айдар Тоқтасынов серіктестеріне екі нәтижелі пас берді. «Горняк» үшін бұл биылғы маусымдағы 15-ші жеңіліс болды.

«Горняк» - «Алматы» 1:5 (1:2, 0:1, 0:2)

0:1 - 11:00 - Марат (Ырыс, Тоқтасынов) ГМ

0:2 - 18:52 - Казачков (Деппершмидт, Ганночка) ГБ

1:2 - 19:22 - Логинов (Еропутов)

1:3 - 24:56 - Марат (Тоқтасынов)

1:4 - 40:26 - Бакыт (Татаринцев, Катасонов)

1:5 - 47:42 - Сенько

Қақпашылар: Шинковский - Колесник

«Астана» «Сұңқарды» екінші рет жеңіп, чемпионаттың үздік сегіз командасы қатарындағы орнын нығайтты. Қонақтар сапында Даниал Хидуанов дубль авторы атанды. Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 40 соққыны қайтарды.

«Сункар» - «Астана» 1:4 (0:1, 1:0, 0:3)

0:1 - 12:05 - Дровосеков

1:1 - 28:35 - Черников

1:2 - 41:32 - Қыдырбай (Валиханов, Жұмаділдинов)

1:3 - 50:31 - Хидуанов ГМ

1:4 - 58:40 - Хидуанов

Қақпашылар: Яговкин (Климов, 50:31-57:31, 58:40-60:00) - Есен

Маусым көшбасшылары арасындағы тартысты кездесуде «Барыс» тағы да басым түсіп, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады. Елордалық командаға жеңіс әкелген шайбаның авторы Арсен Елдес болды. Қонақтардың жаңа ойыншысы Артемий Пермяков қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

«Кармет» - «Барыс» 2:4 (0:1, 1:2, 1:1)

0:1 - 15:33 - Харченко (Аманғалиев, Мұқашев)

0:2 - 20:48 - Аманғалиев (Тен, Харченко) ГБ

1:2 - 26:32 - Божко (Ольденбургер) ГБ

1:3 - 38:02 - Елдес (Амиржанов, Рахманин)

1:4 - 50:34 - Лазаренко (Амиржанов, Мұқашев)

2:4 - 57:54 - Божко (Полторанин) ГМ

Қақпашылар: Илларионов - Пермяков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.