Торпедо үздік үштікке жақындады, Мұнайшы» 20-шы жеңілісіне ұшырады

16 qarasha
98

Jastar Ligasy-ндағы кезекті ойын аптасы екі кездесумен басталады.

«Туран Тайгерс» екінші кезеңдегі нәтижелі ойынының арқасында «Мұнайшыны» сенімді түрде жеңіп, павлодарлықтарға биылғы чемпионаттағы 20-шы жеңілісін тіркетті. Қонақтар сапында Глеб Любченко мен команданың жаңа ойыншысы Семён Плесовских екі шайбадан соқты. Осылайша, Плесовских Jastar Ligasy-ндағы алғашқы голдарын соқты. «Жолбарыстар» үшін бұл биылғы маусымдағы бесінші жеңіс болды.

«Мұнайшы» - «Тұран Тайгерс» 2:6 (0:1, 0:3, 2:2)

0:1 - 14:47 - Ержігіт (Отоудинов, Обидин)

0:2 - 21:28 - Любченко (Курносенко, Өтепқалиев)

0:3 - 24:21 - Плесовских (Мартынов, Нұрлан)

0:4 - 25:22 - Плесовских (Әбденов, Мартынов)

0:5 - 49:51 - Рахматуллаев (Әбденов, Плесовских)

1:5 - 54:22 - Ляшенко (Степанов, Гривас) ГБ

1:6 - 55:32 - Любченко (Серік, Рахматуллаев)

2:6 - 58:28 - Метелев (Сафонов)

Қақпашылар: Пушков (Тасбулат, 25:22-60:00) - Мельников (Камбаров, 40:00-60:00)

«Торпедо» үшінші кезеңде қарқынды ойын көрсетіп, «Ақтөбенің» қарсылығын еңсерді және турнирлік кестеде үшінші орында тұрған «Алматымен» ұпай саны бойынша теңесті. Өскемендіктерге жеңіс әкелген шайбаларды Иван Сергиенко, Артём Ботищев, Данил Челюк және Ерасыл Кентаев соқты. Вадим Грохотов 29 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 - 23:37 - Жұмажан (Қаршығаев, Каденов)

1:1 - 34:20 - Сергиенко (Челюк, Ергешев)

2:1 - 43:00 - Ботищев (Белоусов, Кентаев)

3:1 - 53:19 - Челюк (Сергиенко, Трегубов)

4:1 - 58:11 - Кентаев (Органов, Худяков)

Қақпашылар: Грохотов - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.