Барыс тұрақты чемпионаттағы жеңісі үшін марапатталды

2 naýryz
1166

Бүгін «Барыс-Аренада» Jastar Ligasy тұрақты чемпионатының жеңімпазы – нұр-сұлтандық «Барысты» марапаттау рәсімі болып өтті.

Іс-шараға хоккейден ұлттық құрама командаларының бас менеджері Александр Корешков, «Барыстың» вице-президенті Болат Қарабалин, сондай-ақ «Барыс» БЖСМ директоры Руслан Нұрмұхамедов қатысты.

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Олег Шулаевтың командасы 96 балл жинап, бірінші кезеңнің аяқталуына бірнеше тур қалғанда-ақ бірінші орынды еншілеп қойды.