Jastar Ligasy тұрақты чемпионатының қорытындысы

2 naýryz
1557

Бүгін Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясындағы қорытынды ойын өтті.

Онда 33 рет жеңіске жетіп, 96 балл жинаған елордалық «Барыс» жеңіске жетті. Айтып өтетін жайт, Нұр-Сұлтан қаласының ұжымы негізгі уақытта тек екі рет жеңіліс тапты.

Дәл осы Олег Шулаевтың командасы лигадағы ең нәтижелі ұжым болып отыр – 232 шайба (әр матчта орта есеппен 6,44). Және тек «Барыс» командасы 200 шайбалық межені орындады. Қорғаныстағы ойын бойынша да көшбасшылық «Барыстың» еншісінде – пассивте барлығы 63 шайба (әр матчта орта есеппен 1,75).

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынды өскемендік «Торпедо» иеленді. Команда қоржынында 28 жеңіс, салынған 188 шайба және 84 балл бар.

Көшбасшылар үштігін жас чемпионатының дебютанттары – «Ястребы» тұйықтайды. Өздерінің алғашқы маусымында оралдықтар 27 рет жеңіске жетіп, 158 шайба салды және 81 балл жинады.

Кубоктық сегіздікке «Құлагер» мен «Горняк» кірмей қалды. Олар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша ойынды аяқтады.

Чемпионаттағы ең ірі жеңіс 29 қаңтар күні тіркелді. Рудныйда «Барыс» «Горнякты» 13:1 есебімен ойсырата жеңді.

Ең нәтижелі матч 2 желтоқсан күні Өскеменде өтті. «Торпедолықтар» «Құлагерді» 13:5 есебімен жеңді.

Аяқталған тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі «Барыс» өкілі Алдияр Нұрлан болды. Алдияр 29 кездесуде ұпай жинады, оның қоржынында 76 (35+41) балл бар. Оның ішінде үш хет-трик, сегіз дубль бар, 12 рет шабуылшы алаңнан 3 және одан көп ұпаймен кетті.

Ойындардың үздік сұр мергені Алдиярдың клубтасы Роман Ермак болды. Ол қарсыластың қақпашысын 39 рет састырды. Матчтардың бірінде Роман покермен көзге түсті, сонымен қатар оның есебінде екі хет-трик және сегіз дубль бар.

Тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушысы «Құлагер» өкілі Даниил Миллер болды. Қорғаныс ойыншысы 20 кездесуде ұпай жинап, жалпы алғанда оның есебінде 34 (9+25) балл бар.

«Мұнайшының» қорғаушысы Данияр Білімбаевтың қоржынында салынған 10 шайба бар. Бұл – осы амплуадағы барлық ойыншылар арасынан лигадағы ең үздік нәтиже.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» (1-орын) ¼ финалда «Мұнйшымен» (8) ойнайды. «Торпедо» (2) плей-оффтың бірінші раундында «Қыранмен» кездеседі. «Ястребы» (3) және «Арлан» (6) ширек финалистердің үшінші жұбын құрады. Төртінші жартылай финалист «Барыс-Жас» (4) пен «Астана» (5) арасындағы елордалық тартыста анықталады. Алғашқы матчтар тұрақты чемпионатты бірінші төрттікте аяқтаған командалардың ареналарында өтеді. Плей-оффтың барлық сериялары командалардың бірінің төртінші жеңісіне дейін өтеді. Қазақстан жастар чемпионатының шешуші кезеңі 11 наурыз басталады.