11 наурыз Қазақстанның үш қаласында елдің жастар чемпионатының ¼ финалы сериясының алғашқы жекпе-жектері өтеді.
«Барыс» Нұр-Сұлтан (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-орын) - «Мұнайшы» Павлодар (8)
Жеңісі/ұпайлары: 33/96 – 13/38
Салынған шайба: 232 – 114
Өткізілген шайба: 63 – 160
Жекпе-жектер: 7:1, 4:2, 9:0, 3:2 ОТ
Үздік бомбардир: Алдияр Нұрлан (76 ұпай, 35+41) – Валентин Терещенко (34 балл, 18+16)
Жекпе-жектің үздік бомбардирі: АлдиярНұрлан (8 ұпай, 6+2) – Бертан Демирделен (2 балл, 2+0)
«Барыс» лиганың барлық командалары арасында шайбалардың үздік айырмашылығына ие.
«Мұнайшы» «Барыспен» маусымдық матчтар аясында бір ғана балл иеленді, алайда дәл осы балл павлодарлық команданың турнир кестесіндегі жағдайын жеңілдетіп, плей-оффқа шығуға мүмкіндік берді.
Олег Шулаевтың командасы қатарынан 18 жеңіске жетті. Соңғы рет елордалық ұжым 10 қаңтарда жеңілді.
«Торпедо» Өскемен (2) – «Қыран» Қарағанды (7)
Жеңісі/ұпайлары: 28/84 – 15/44
Салынған шайба: 188 – 105
Өткізілген шайба: 96 – 148
Жекпе-жектер: 4:2, 5:2, 7:2, 5:2
Үздік бомбардир: Диас Тютюньков (67 ұпай, 36+31) – Владислав Жабунин (27 ұпай, 15+12)
Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Диас Тютюньков (8 ұпай, 5+3) – Владислав Жабунин (2 балл, 2+0)
«Торпедо» тұрақты чемпионаттың барлық төрт жекпе-жегінде жеңді, оның үстіне қарағандылықтар қарсыластың қақпасына екі шайбадан артық сала алмады.
«Қыран» плей-оффқа қатарынан жеткен төрт жеңісімен келіп отыр. Өскемендіктердің жеңістер сериясы үш матчқа жетті.
«Торпедо» - «Барыстан» басқа тұрақты чемпионатта 100-ден төмен шайба өткізген жалғыз команда.
«Ястребы» Орал (3) – Айғайбеков ат. «Арлан» академиясы Көкшетау (6)
Жеңісі/ұпайлары: 27/81 – 15/45
Салынған шайба: 158 – 127
Өткізілген шайба: 109 – 160
Жекпе-жектер: 2:10, 8:5, 5:8, 7:2
Үздік бомбардир: Валерий Ницевич (56 ұпай, 21+35) – Денис Гафаров (46 ұпай, 28+18)
Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Денис Гафаров (10 ұпай, 7+3) – Александр Медведев (10 ұпай, 7+3)
Оралдық ұжым Қазақстан жастар чемпионатына қатысқан алғашқы жылы-ақ тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік үштікке кіре алады.
«Ястребы» мен «Арланның» арасындағы матчтар әрдайым нәтижелі өтеді (бір ойын барысында орта есеппен 11,75 шайба). Төрт матчтың үшеуінде қарсыластар оннан астам нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.
«Арлан» тұрақты чемпионаттың қорытынды бөлігінде 10 матчтың 7-еуінде жеңіліске ұшырады.
«Барыс-Жас» Нұр-Сұлтан (4) – «Астана» Нұр-Сұлтан (5)
Жеңісі/ұпайлары: 19/58 – 14/45
Салынған шайба: 128 – 125
Өткізілген шайба: 117 – 128
Жекпе-жектер: 3:2 Б, 3:2, 5:3, 7:5
Үздік бомбардир: Айдаулет Бекеев (44 балл, 18+26) – Никита Карпасов (37 балл, 15+22)
Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Тамерлан Бейсембиев (5 ұпай, 3+2) – Никита Карпасов (5 ұпай, 1+4)
Плей-оффтың алдында «Барыс-Жас» қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады.
«Астана» да кубоктық раундқа қатарынан бес матчтағы жеңіліспен келіп отыр.