Jastar Ligasy-ндағы қыркүйектің үздік ойыншылары

1 qazan
382

Қазақстан жастар чемпионатындағы бірінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Арсений Кучковский («Барыс»)

«Барыс» – тұрақты чемпионат басталғалы бір де бір балл жоғалтпаған екі команданың біреуі. Бұл жетістікке Арсений Кучковскийдің қосқан үлесі зор. Қазіргі таңда ол лигадағы көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр. Қыркүйек айында ол 5 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті және екі ойында қақпасына шайба жуытпады. Орта есеппен қақпашы бір ойында 0,6 шайба ғана жіберіп, 96,88% соққыны қайтарды.

Үздік қорғаушы – Никита Бабичев («Жас Батыр»)

«Жас Батыр» маусымның алғашқы айын да сәтті өткізіп, 6 ойынның бесеуінде жеңіске жетті. Осы кезеңде атыраулықтардың қорғанысындағы жетекші ойыншы Никита Бабичев болды. Ол 6 матчта 6 (1+5) ұпай жинап, тиімділік көрсеткішін +3 деңгейінде сақтады. Сонымен қатар оның еншісінде қарсылас қақпасына бағытталған 12 дәл соққы және есепті өзгертпек болған қарсыластардың 8 соққысын бөгеген көрсеткіш бар.

Үздік шабуылшы – Никита Рублёв («Кармет»)

«Кармет» қыркүйек айында «Барыспен» қатар барынша көп ұпай жинап, өте нәтижелі ойын көрсетті. Қазіргі таңда «сары-қаралар» лиганың турнир кестесінде көш бастап тұр, ал қарағандылық команданың екі бірдей ойыншысы бомбардирлер тізімінің жоғарғы қатарында. Никита Рублёв әр ойында орта есеппен екі ұпайдан артық жинап отырды. Ол 6 матчта 5 шайба соғып, 8 нәтижелі пас берді, тиімділік көрсеткіші +8. Сонымен қатар форвард әр ойында ұпай алып, лақтырылған шайбалардың 68,4 пайызын жеңіп шықты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.