«Барыс» «Мұнайшыны» демалысқа аттандырды. «Астана» мен «Барыс-Жас» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Торпедо» «Қыранды» сенімді түрде жеңіп, келесі айналымға шықты. «Ястребы» серияның үшінші жекпе-жегінде «Арланнан» басым түсті.
«Астана» серияда «Барыс-Жаспен» есеп теңестіруге жақын қалды. Төртінші матч буллиттер сериясымен аяқталып, онда Александр Березинскийдің командасы дөп түсті. «Елордалықтар» бұл жеңілістен кейін плей-офттан ұшып кете жаздады.
«Астана» – «Барыс-Жас» 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)
Сериядағы есеп: 1-3
0:1 – 11:06 – Сайко
0:2 – 29:40 – Сулеменов (Сайко)
1:2 – 39:59 – Кисель (Нигай)
2:2 – 48:23 – Карпасов (Ракишев)
2:3 – 65:00 – Морожников ПБ
Қақпашылар: Риттингер – Пестов
«Барыс» «Мұнайшыны» тағы да ойсырата жеңіп, Қазақстан жастар чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Павлодарлықтар өкінішке орай, лига көшбасшыларына төтеп бере алмады. Осылайша, маусымды ширек финалмен аяқтап отыр.
«Мұнайшы» – «Барыс» 1:8 (1:3, 0:3, 0:2)
Сериядағы есеп: 0-4
0:1 – 07:49 – Алибек (Евлоев, Филиппенко) ГБ
0:2 – 12:11 – Маркабаев (Ермак)
0:3 – 14:27 – Филиппенко (Маркабаев, Нурлан)
1:3 – 16:22 – Своеволин (Гуняшев, Билимбаев)
1:4 – 28:12 – Нурлан (Маркабаев, Ермак)
1:5 – 31:02 – Нурлан (Никитин, Ермак)
1:6 – 36:29 – Маркабаев (Никитин, Ермак) ГМ
1:7 – 54:36 – Евлоев (Ищенко, Филиппенко)
1:8 – 59:17 – Ищенко (Евлоев)
Қақпашылар: Костюков (Горяев, 31:48 – 60:00) – Дубинскас
«Қыран» мен «Торпедо» арасындағы төртінші жекпе-жек тағы да өскемендік ұжымның пайдасына шешілді. Қарағандылықтар «құрғақ» жеңілістен кеткенімен, Евгений Ермаков салған шайба «Қыранның» биылғы маусымдағы соңғы соққысы болып отыр. «Торпедолықтар» JastarLigasy-ның жартылай финалына шықты.
«Қыран» - «Торпедо» 1:6 (0:2, 0:1, 1:3)
Сериядағы есеп: 0-4
0:1 – 04:47 – Пивень (Тютюньков Д., Перов)
0:2 – 18:40 – Рифель (Панченко, Стальмаков)
0:3 – 34:54 – Рифель (Панченко)
0:4 – 41:41 – Пивень (Перов, Храмов) ГБ
0:5 – 43:18 – Подшивалов (Алдабергенов) ГМ
1:5 – 43:45 – Ермаков (Свинтальский) ГБ
1:6 – 48:19 – Рифель (Стальмаков, Панченко)
Қақпашылар: Ибрагимов – Ершов
«Ястребы» екінші рет түзде «Арланды» жеңіп, жартылай финалға бір табан жақындады. Кездесу овертайммен аяқталды, жеңісті шайба Даниэль Сафаргалиевке тиесілі. Көкшетаулықтар енді қателікке бой алдыра алмайды.
«Арлан» – «Ястребы» 2:3 ОТ (0:0, 1:0, 1:2, 0:1)
Сериядағы есеп: 1-3
1:0 – 24:01 – Шкиль (Гафаров) ГБ
1:1 – 43:06 – Ницевич (Медведев)
2:1 – 46:34 – Половников (Шкиль, Пархоменко)
2:2 – 54:20 – Залевский (Ницевич, Медведев) ГБ
2:3 – 62:48 – Сафаргалиев (Ницевич) ГБ
Қақпашылар: Чепец – Емельянов