Батыстық командалардың жеңісі

25 qazan
131

Jastar Ligasy-ның Ақтөбе мен Оралдағы матчтарын бақылаймыз.

«Тұран» қазіргі чемпионат көшбасшыларының біріне еш қарсылық көрсете алмады. «Ақтөбе» ойыншылары өз мүмкіндіктерін салқынқандылықпен жүзеге асырып, екі рет артық құраммен шайба соқты. Қақпашы Кирилл Шпигун 29 сейв жасап, қақпасына шайба жуытпады.

«Ақтөбе» - «Тұран Тайгерс» 5:0 (3:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 10:41 - Потапов (Катасонов, Кошевник) ГБ

2:0 - 17:33 - Катасонов (Потапов)

3:0 - 18:25 - Кошевник (Герасимов, Шипулин)

4:0 - 39:26 - Шпак ГМ

5:0 - 42:17 - Шипулин (Герасимов, Болат) ГБ

Қақпашылар: Шпигун - Мельников

«Құлагер» Оралдағы бірінші ойынның қорытындысы бойынша плей-офф аймағына ене алмады. «Сұңқар» екінші жиырма минутты екпіндетіп өткізді және қорғаныста сенімді ойын көрсетті. Жеңімпаз команда сапынан Ратибор Феоктистов дубль жасаса, Ибрагим Маликов тағы бір дәл соққыны есепке қосты. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Синдеев қақпаға бағытталған 26 соққыны тойтарды.

«Сұңқар» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 2:0, 0:1)

1:0 - 08:11 - Маликов (Черников, Талерко)

2:0 - 26:25 - Феоктистов (Перцев, Әуезбай) ГБ

3:0 - 35:31 - Феоктистов (Костенко, Маликов)

3:1 - 56:01 - Илияс (Дрождин, Тузов) ГБ

Қақпашылар: Синдеев - Валентюкевич


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.