Барыс-Жас пен Ястребы жартылай финалда. Плей-оффтың бесінші күніне шолу

19 naýryz
1255

«Барыс-Жас» «Астанамен» ширек финалдық серияда жеңімпаз атанды. ​«Ястребы» «Арланмен» өз сериясын көтеріңкі көңіл күймен аяқтады.

 Екі елордалық ұжымның тартысында «Барыс-Жас» әрі қарай өтті. Александр Березенскийдің командасы қорғаныста сенімді ойнап, бірнеше сәтті ұтымды пайдаланды. Владислав Сайко дубль жасады. Жартылай финалда ұжым өзінің «Барыстағы» клубтастарымен кездеседі.

«Барыс-Жас» - «Астана» 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)

Сериядағы есеп: 4-1

1:0 – 12:42 – Тюлюнов (Поленов, Фокин)

1:1 – 18:38 – Трегубов

2:1 – 22:08 – Сайко (Селезнёв, Муратов)

3:1 – 28:49 – Бейсембиев ГМ

4:1 – 59:17 – Сайко (Сулейменов) ГМ

Қақпашылар: Амирбеков - Риттингер (Сарин, 59:17-60:00)

Төртінші жартылай финалист бүгін Оралда анықталды. Алаң иелері тартысты кездесуде «Арланның» арынын басып, серияны өз пайдасына шешті. Жеңіс сыйлаған шайбаны Максим Чалов салды. Финалға шығу үшін «Ястребы» өскемендік «Торпедомен» күресетін болды.

«Ястребы» – «Арлан» 5:4 (2:2, 2:2, 1:0)

Сериядағы есеп: 4-1

1:0 – 02:58 – Утебаев (Сафаргалиев, Ницевич)

1:1 – 04:08 – Гафаров (Ефремов)

2:1 – 06:34 – Васин (Козорез, Залевский) ГБ

2:2 – 12:02 – Гафаров (Кучер, Ефремов) ГБ

3:2 – 21:46 – Сливной (Рахимов)

3:3 – 25:58 – Половников (Гафаров) ГБ

3:4 – 27:12 – Яковенко (Половников, Фролов)

4:4 – 28:09 – Ницевич (Чалов, Медведев)

5:4 – 43:24 – Чалов (Медведев, Ницевич)

Қақпашылар: Емельянов – Чепец