Барыс Астананы үшінші рет қатарынан жеңді, Кармет Жас Батырдан қарымта қайтарды

17 qarasha
193

Қазақстан жастар чемпионатындағы апта Астана мен Атыраудағы матчтармен ашылады.

«Астана» мен «Барыс» арасындағы қатарынан үшінші рет өткен кездесу тағы да қазіргі чемпионның пайдасына шешілмеді. Андрей Шаяновтың шәкірттері екінші кезеңде ерекше қарқын көрсетіп, қарсыластар қақпасына бес шайба соғып, сенімді жеңіске жетті. Нұрали Айтмағамбетов пен Әмір Ғафуров дубль авторы атанды. Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды.

«Астана» - «Барыс» 2:6 (1:1, 0:5, 1:0)

0:1 - 04:19 - Гафуров (Толстунов, Шегебаев)

1:1 - 17:52 - Графкин (Дровосеков, Ербулат) ГБ

1:2 - 23:12 - Айтмағамбетов (Қабдуали)

1:3 - 26:54 - Айтмағамбетов (Қабдуали)

1:4 - 28:01 - Церульников (Гафуров, Аманғалиев)

1:5 - 30:18 - Сидоренко (Ломако, Айтмағамбетов) ГБ

1:6 - 38:09 - Гафуров (Аманғалиев, Толстунов)

2:6 - 52:09 - Дровосеков (Чепышкин, Петренко) ГБ

Қақпашылар: Орешко (Есен, 28:01-60:00) - Кучковский

Ағымдағы маусымда турнир кестесінің көшбасшысы «Карметті» екі рет жеңген жалғыз команда – «Жас Батыр». Бүгін Максим Худяковтың шәкірттері Атырауда табанды түрде қарымта қайтарып, үшінші кезеңдегі сәтті ойынының арқасында қарсыластардың қарсылығын бұза алды. «Сары-қаралар» сапынан Виталий Божко, Никита Қоротких және ақтық сиренаға 43 секунд қалғанда алаң иелерінің бос қақпасына шайба соққан Никита Рублев көзге түсті.

«Жас Батыр» - «Кармет» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 16:29 - Божко

1:0 - 28:43 - Польский (Забурдяев, Конрадий)

1:2 - 54:17 - Коротких (Стариненко)

1:3 - 59:17 - Рублёв (Ольденбургер, Соколов) ПВ

Қақпашылар: Еркінов - Зюзин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.