Jastar Ligasy-ның Атыраудағы, Ақтөбе мен Түркістандағы матчтарын бақылаймыз.
Атырауда өткен екінші матчта «Кармет» әр кезеңде бір-бірден нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, қорғаныста өте сенімді ойын көрсетті. Тимофей Симонов дубльмен көзге түсті. «Сары-қаралардың» қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 40 соққыны қайтарды.
«Жас Батыр» - «Кармет» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)
0:1 - 25:20 - Симонов (Божко, Быков) ГБ
0:2 - 37:27 - Симонов (Быков) ГБ
0:3 - 51:38 - Гареев (Симонов, Божко)
Қақпашылар: Еркінов - Зюзин
Чемпионат көшбасшыларының тартысты кездесуінде «Ақтөбе» «Торпедодан» жеңісті жұлып алды. Даниил Надейкин шешуші шайбаны ақтықысқырыққа бір жарым минут қалғанда соқты. Кирилл Шпигунның еншісінде 33 сейв бар.
«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)
1:0 - 05:56 - Катасонов (Болат)
1:1 - 18:23 - Украинцев (Дубинкин, Ануфриев)
2:1 - 19:10 - Потапов (Катасонов, Куминов)
2:2 - 52:42 - Гасников (Ануфриев, Худяков)
3:2 - 58:37 - Надейкин (Болат, Герасимов)
Қақпашылар: Шпигун - Грохотов
«Тұран Тайгерс» «Мұнайшыға» еш мүмкіндік қалдырмады. Алғашқы кезеңде павлодарлықтар қарсыластарға төте бергенімен, әрі қарай алаң иелері бірнеше шабуылды сәтті жүзеге асырып, ойынды өз пайдасына шешті. Ярослав Котов пен Глеб Мартынов үш ұпайдан еншіледі (екеуі де 1+2).
«Тұран Тайгерс» - «Мұнайшы» 6:2 (3:2, 1:0, 2:0)
0:1 - 03:41 - Каршыгаев (Краснов)
0:2 - 04:11 - Сарсембаев (Бабешко)
1:2 - 05:03 - Котов (Мартынов)
2:2 - 07:46 - Мартынов (Котов, Нурлан)
3:2 - 18:23 - Ержигит (Котов, Мартынов)
4:2 - 34:31 - Любченко (Приморцев-Агеев, Бурабай)
5:2 - 42:15 - Нурлан
6:2 - 51:13 - Гизатулин (Сенько, Приморцев-Агеев) ГБ
Қақпашылар: Худояров (Мельников, 04:11-60:00) - Пушков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Qarmet
Aqtóbe
Torpedo
Jas Batyr