Алматы мен Карметтің құрғақ жеңістері, Сұңқардың оңтүстіктегі жеңісі

22 qarasha
164

Сенбі күніне хоккейден Қазақстан жастар чемпионатындда үш матч жоспарланды.

«Алматы» «Астананы» құрғақ жеңді. Кездесудің қаһармандары – дубль жасаған Елжан Мұратәлиұлы және қақпаға бағытталған 37 соққыға тойтарыс берген Илья Яковенко. Оңтүстікастаналық ұжым плей-оффқа шығу үшін тартысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда сегіздіктен команданы бір балл бөліп тұр.

«Алматы» - «Астана» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 11:23 - Мұратәлиұлы (Черныш, Ырыс)

2:0 - 58:42 - Мұратәлиұлы (Рузбакиев) ПВ

Қақпашылар: Яковенко - Есен

«Сұңқар» тартысты өткен ойында түркістандық «жолбарыстарды» тізе бүктірді. Кездесу барысында алаң иелері үш шайба айырмасымен алда тұрғанымен, оралдық команда есепті теңестіріп қана қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті. Шешуші шайбаны Владислав Михеев соқты — ол өзін финалдық сиренаға 88 секунд қалғанда көрсетті. Ал «Тұран» сапынан Мейіржан Нұрлан дубль авторы атанды.

«Тұран Тайгерс» - «Сұңқар» 3:4 (2:1, 1:1, 0:2)

1:0 - 11:38 - Нурлан (Сенько, Любченко)

2:0 - 15:23 - Нурлан (Ержигит, Мартынов) ГБ

2:1 - 19:56 - Иваницкий (Каденов)

3:1 - 19:53 - Любченко (Сенько)

3:2 - 37:09 - Феоктистов (Серикбулатов)

3:3 - 42:23 - Шакубаев (Михеев, Ауезбай)

3:4 - 58:32 - Михеев (Родионов, Перцев)

Қақпашылар: Байдек - Синдеев

Чемпионат көшбасшысы «Кармет» павлодарлық қарсыластарын тырп еткізбеді. Максим Худяковтың командасы үшін әсіресе екінші кезең өте нәтижелі болды — «сары-қаралар» бұл бөлікте қарсылас қақпасын алты рет алды. Алаң иелерінің қорғаушысы Александр Алтухов хет-трик авторы атанды. Максим Венецкий Jastar Ligasy-ндағы алғашқы шайбасын соқты.

«Кармет» - «Мұнайшы» 9:0 (2:0, 6:0, 1:0)

1:0 - 02:34 - Гусаков (Лигай, Давлетшин) ГБ

2:0 - 04:49 - Вагнер (Маринин)

3:0 - 22:22 - Калкабек (Соколов, Рублёв)

4:0 - 28:52 - Рублёв (Ольденбургер, Калкабек)

5:0 - 30:14 - Алтухов (Буяльский, Гордин)

6:0 - 34:26 - Венецкий (Быков, Гусаков)

7:0 - 35:15 - Соколов (Ольденбургер, Рублёв)

8:0 - 36:56 - Алтухов (Маринин, Вагнер)

9:0 - 52:48 - Алтухов (Гордин, Вагнер)

Қақпашылар: Илларионов - Плотников (Пушков, 35:15-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.