Астананың, Сұңқар мен Жас Батырдың түздегі жеңістері

23 qarasha
141

Jastar Ligasy-ның Алматыдағы, Түркістан мен Өскемендегі матчтарын бақылаймыз.

«Астана» оңтүстік астанада қарымта қайтарды. Қонақтар матч барысында екі шайба айырмасымен жеңіліп жатқанымен, кездесудің соңында қарқын қосып, ойын тағдырын өз пайдаларына шешті. Жеңіс шайбасын Владимир Чепышкин соқты — ол аз құрамда ойнап жатып, финалдық сиренаға 15 секунд қалғанда көзге түсті. «Елордалықтар» қақпашысы Айнарбек Есен қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарды.

«Алматы» - «Астана» 3:4 (0:1, 3:1, 0:2)

0:1 - 07:45 - Сүлейменов (Жұмаділдинов)

1:1 - 28:26 - Шмидт (Шевченко)

2:1 - 31:56 - Шевченко (Татаринцев)

3:1 - 36:39 - Ырыс

3:2 - 38:09 - Котлобаев (Чепышкин, Сатемиров)

3:3 - 48:57 - Сатемиров (Секербай)

3:4 - 59:45 - Чепышкин (Әбдірахманов) ГМ

Қақпашылар: Яковенко - Есен

«Сұңқар» Түркістандағы екінші матчта ойынды қарқынды бастап, сенімді жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Владислав Михеев хет-трик авторы атанса, Сергей Иваницкий қарсылас қақпасын екі мәрте дәл көздеді.

«Тұран Тайгерс» - «Сұңқар» 5:8 (1:3, 4:3, 0:2)

0:1 - 05:43 - Маликов (Суфьянов, Серікболатов)

0:2 - 06:56 - Михеев (Родионов) ГБ

0:3 - 07:46 - Иваницкий (Талерко)

1:3 - 18:37 - Ержігіт

1:4 - 25:07 - Михеев (Рябчиков, Перцев)

1:5 - 26:09 - Иваницкий (Талерко) ГБ

2:5 - 27:03 - Любченко ГБ

3:5 - 28:56 - Сенько (Әлихан) ГБ

4:5 - 30:38 - Рахматуллаев (Ғабдулин) ГБ

4:6 - 33:12 - Талерко (Черников, Иваницкий)

5:6 - 39:24 - Сенько (Любченко, Алихан) ГБ

5:7 - 53:40 - Михеев (Перцев) ГБ

5:8 - 59:47 - Суфьянов (Михеев, Блохин) ГБ

Қақпашылар: Байдек (Мельников, 07:46-33:12) - Шарипов

«Жас Батыр» Өскеменде өткен ойында «Торпедодан» басым түсті. Қонақтар овертаймның екінші минутында Амир Бағытжановтың дәл соққысының арқасында екі ұпай еншіледі.

«Торпедо» - «Жас Батыр» 2:3 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 17:43 - Левковец ГМ

1:1 - 22:35 - Худяков (Пупков, Дубинкин)

2:1 - 35:11 - Карпов (Якушкин, Пальмтаг)

2:2 - 37:03 - Юдин (Забурдяев, Абдашимов)

2:3 - 61:42 - Багитжанов (Ильясов)

Қақпашылар: Грохотов - Еркинов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.