Астана, Сұңқар мен Жас Батыр түзде жеңіске жетті

27 qarasha
774

Бейсенбі күні жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында үш матч жоспарланған.

«Астана» Түркістандағы екінші сырт алаңдағы кездесуін сенімді өткізді де, сенімді түрде қарымта қайтарды. «Елордалықтар» әр кезеңде екі шайбадан соғып, қарсыластарға қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Абдүррахим Қыдырбай мен Владимир Чепышкин «жолбарыстар» қақпасын екі реттен дәл көздеді. Осы жеңістің арқасында қонақтар турнир кестесінде жетінші орынға бекіді.

«Тұран Тайгерс» - «Астана» 3:6 (2:2, 0:2, 1:2)

0:1 - 01:25 - Хидуанов (Графкин, Сулейменов)

1:1 - 11:02 - Нұрлан (Дәулеталиев, Рахматуллаев)

2:1 - 12:51 - Любченко (Приморцев-Агеев, Гизатулин)

2:2 - 18:35 - Чепышкин (Секербай, Котлобаев) ГБ

2:3 - 23:41 - Қыдырбай (Тагнер)

2:4 - 26:54 - Чепышкин (Сатемиров)

3:4 - 43:21 - Гизатулин (Любченко, Сенько)

3:5 - 55:03 - Сүлейменов (Петренко, Графкин)

3:6 - 59:47 - Қыдырбай (Самаров) ПВ

Қақпашылар: Мельников - Есен

«Сұңқар» чемпионат көшбасшысын маусымдағы үшінші жеңілісіне ұшыратты. Бүгін осы текетірестің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Оралдықтарға екі балды Сергей Иваницкий сыйлады. Алайда жекпе-жектің басты қаһарманы деп 51 сейв жасаған Абай Шәріповті атауға болады.

«Кармет» - «Сұңқар» 2:3 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 17:52 - Вагнер (Маринин)

1:1 - 26:49 - Костенко

2:1 - 54:24 - Борисов (Вагнер)

2:2 - 54:53 - Серікболатов (Михеев)

2:3 - 65:00 – Иваницкий ПБ

Қақпашылар: Зюзин - Шарипов

«Мұнайшы» «Жас Батыр» қақпасын ала алмады. Ал атыраулықтар өздерінің алты шабуылын голға айналдырып, соның екеуінде аз құрамда ойнап көзге түсті. Егор Левковец дубль авторы атанса, Марк Забурдяев өз қоржынына 5 (1+4) ұпай жазды. Қонақтар қақпашысы Давид Костоев қарсыластардың есепті өзгертуге бағытталған 16 соққысын қайтарды.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)

0:1 - 05:01 - Чокпаров (Левковец, Забурдяев)

0:2 - 27:43 - Забурдяев ГМ

0:3 - 28:40 - Левковец (Забурдяев) ГМ

0:4 - 56:16 - Левковец (Бабичев, Забурдяев)

0:5 - 56:34 - Багитжанов (Ильясов)

0:6 - 58:26 - Юдин (Левковец, Забурдяев)

Қақпашылар: Плотников - Костоев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.