Құлагер нәтижелі матчта Горнякты жеңді, Барыс Арланның арынын басты

28 qarasha
530

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясында Петропавл мен Көкшетауда кездесулер өтті.

«Құлагер» «Горнякпен» үйдегі алғашқы матчты екпіндетіп бастап, қарсыластың қақпасын 20 минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде бес рет алды. Петропавлдықтар құрамынан Артур Хусаинов хет-трик жасады, дубль Сергей Телегиннің есебінде, Мақсат Ілияс командаластарына үш рет пас берді. Рудныйлықтардан екі дөп соққы Ильяс Исмаиловтың есебінде.

«Құлагер» - «Горняк» 8:4 (5:0, 1:3, 2:1)

1:0 - 01:08 - Хусаинов

2:0 - 08:23 - Телегин (Илияс, Седов)

3:0 - 12:57 - Рыбин (Хусаинов, Зыбин)

4:0 - 15:58 - Зыбин (Кузьмин, Дрождин) ГБ

5:0 - 18:38 - Телегин (Толстенев, Илияс) ГБ

5:1 - 23:12 - Стенников (Жумагалиев, Исмаилов)

5:2 - 31:05 - Исмаилов (Стенников, Жумагалиев) ГБ

6:2 - 33:23 - Хусаинов ГМ

6:3 - 35:42 - Лопухов (Бопп)

7:3 - 45:08 - Седов (Фролов, Илияс) ГБ

8:3 - 47:35 - Хусаинов (Зыбин, Черней)

8:4 - 49:31 - Исмаилов (Жумагалиев, Здоровенко) ГБ

Қақпашылар: Гиганов - Камбаров

«Арлан» «Барыспен» үйдегі алғашқы текетірестің соңғы кезеңінің басында есеп бойынша алда келе жатты және оң нәтижеден үмітті болды. Алайда әрі қарай көкшетаулықтарды тәртіп сүріндірді – елордалық ұжым екі рет артық құрам ұйымдастырып, таразы басын бұра білді. Қонақтарға жеңіс сыйлаған соққының авторы – Хаким Кубатаев, «Барыс» қақпашысы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Барыс» 3:4 (1:0, 2:2, 0:2)

1:0 - 09:56 - Козлов (Акибаев, Нуреев)

1:1 - 28:58 - Шакенов (Саттар)

1:2 - 30:00 - Мукашев (Кабдуали, Кенжеғали)

2:2 - 30:33 - Акименко (Залевский)

3:2 - 32:01 - Дәулетбек (Мирошниченко, Тукин) ГБ

3:3 - 44:41 - Тілеубаев (Қабдуали, Айтмағамбетов) ГБ

3:4 - 49:25 - Кубатаев (Шакенов, Мейрман) ГБ

Қақпашылар: Лаюров - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.