Жас Батыр Павлодардан төрт балмен қайтты, Ақтөбенің 20-шы жеңісі

28 qarasha
468

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясында Павлодар мен Ақтөбеде кездесулер өтті.

«Жас Батыр» «Мұнайшымен» екінші кездесудің барысын бақылауда ұстап, қарсыластың қақпасына 50 соққы бағыттады. Ұзақ уақыт бойы алаң иелерінің қақпашысы Тихон Пушковтың тамаша ойынының арқасында матчтың тағдыры белгісіз болды. Десе де, атыраулықтар өз дегеніне жетті. Қонақтарға жеңіс сыйлаған соққының авторы – Егор Левковец, ал Кирилл Юдин соңғы кезеңнің ортасында үстемдігін нығайтты.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 2:4 (1:2, 0:1, 1:1)

1:0 - 00:25 - Бабешко (Сәрсембаев, Каршығаев)

1:1 - 03:13 - Ильясов (Бағытжанов, Чокпаров) ГБ

1:2 - 10:06 - Максимов (Ильясов, Бағытжанов)

1:3 - 30:35 - Левковец (Юдин, Забурдяев)

1:4 - 50:40 - Юдин (Левковец, Серік)

2:4 - 56:47 - Есеркепов (Бабешко, Каршыгаев) ГБ

Қақпашылар: Пушков - Еркінов (Аманғали, 50:40-60:00)

Елдің батысындағы жекпе-жек дәл жоғарыдағы есеппен тек алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Ақтөбеге» үшінші кезең жеңіс әкелді: «Алматының» қақпасына үш шайба аттанды. Соңғы серпілісті Матфей Катасонов, Ерасыл Досмағанбет және Алексей Артамонов ұйымдастырды. Әлі де үшінші орында келе жатқан ақтөбеліктер үшін бұл – биылғы маусымдағы 20-шы жеңіс.

«Ақтөбе» - «Алматы» 4:2 (0:0, 1:2, 3:0)

1:0 - 20:14 - Герасимов (Кошевник, Зубарев)

1:1 - 28:09 - Амырканов (Шевченко, Манажанов) ГБ

1:2 - 28:36 - Шевченко (Амырканов) ГБ

2:2 - 52:32 - Катасонов (Потапов, Кошевник)

3:2 - 55:09 - Досмағанбет (Зубарев, Жумажан)

4:2 - 57:24 - Артамонов (Потапов, Катасонов)

Қақпашылар: Шпигун - Павлов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.