Құлагер плей-оффқа жақындады, Барыс Карметтен алшақтықты минимумға дейін қысқартты, Ақтөбенің құрғақ жеңісі

29 qarasha
1133

Сенбіге хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында үш матч жоспарланды.

«Құлагер» «Горнякпен» екінші кездесудің алғашқы бөлігінде-ақ рудныйлық қарсыластарын үш мәрте қапы қалдырды. Одан кейін петропавлдықтар қонақтарға ойынға қайта оралуға мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті. Бұл жеңіс оларға плей-офф аймағына екі ұпайға жақындауға мүмкіндік берді. Артур Хусаинов дубль авторы атанды, ал «Құлагер» қақпашысы Станислав Валентюкевич қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

«Құлагер» - «Горняк» 6:1 (3:1, 2:0, 1:0)

1:0 - 03:13 - Зайныш (Тузов)

1:1 - 09:20 - Жұмағалиев (Исмаилов)

2:1 - 11:00 - Кузьмин

3:1 - 15:46 - Толстенев (Телегин, Седов)

4:1 - 29:05 - Хусаинов (Круглов, Дрождин)

5:1 - 37:08 - Хусаинов (Маринов)

6:1 - 59:05 - Тузов (Спиридонов)

Қақпашылар: Валентюкевич - Ибраев

«Барыс» Көкшетауда өткен екінші кездесуде «Арланға» ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Осылайша астаналық команда турнир кестесінің көшбасшысы «Карметтен» бір-ақ ұпайға кейін қалды. «Көкшетаулықтарды» екі мәртеден Никита Ломако мен Рахымбек Мейірман қапы қалдырды. Қонақтардың қақпашысы Леонид Кравцов өз есебіне 33 сейв жазды.

«Арлан» - «Барыс» 3:8 (1:1, 0:3, 2:4)

1:0 - 14:33 - Дәулетбек (Байков, Кентаев) ГБ

1:1 - 19:48 - Айболұлы (Шакенов)

1:2 - 22:26 - Мейірман (Гафуров)

1:3 - 23:43 - Шәкенов (Елдес, Кубатаев)

1:4 - 31:01 - Ломако (Сидоренко)

1:5 - 40:22 - Ломако (Қабдуали, Тілеубаев)

1:6 - 44:12 - Қабдуали (Айтмағамбетов)

2:6 - 46:15 - Толуспаев (Залевский)

2:7 - 47:03 - Аманғалиев (Гафуров)

3:7 - 49:16 - Тукин (Дәулетбек, Мирошниченко)

3:8 - 54:35 - Мейірман (Крутский, Кенжеғали)

Қақпашылар: Лаюров (Аминов, 45:17-60:00) - Кравцов

«Ақтөбе» де ең жоғары орындар үшін күресін жалғастырып келеді. Бүгін батысқазақстандықтар өз мұзайдындарында «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Артём Көшевник дубль авторы атанса, Савелий Потапов пен Батыр Болат бір-бір реттен көзге түсті. Алаң иелерінің қақпашысы Кирилл Шпигун қақпаға бағытталған 30 соққыны қайтарды.

«Ақтөбе» - «Алматы» 4:0 (2:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 02:52 - Кошевник (Досмағанбет)

2:0 - 10:34 - Потапов (Артамонов, Шпак)

3:0 - 46:38 - Болат (Катасонов, Артамонов) ГБ

4:0 - 52:32 - Кошевник (Шипулин, Зубарев) ГБ

Қақпашылар: Шпигун - Колесник


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.