Мұнайшының маусымдағы алғашқы жеңісі, Барыс пен Кармет орын алмастырды

2 jeltoqsan
802

Сейсенбіге хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында үш матч жоспарланды.

«Мұнайшы» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, өз мұзайдындарында «Арланды» ірі есеппен ұтты. Алаң иелері сапында Павел Бабешко, Руслан Қаршығаев және Тамерлан Сәрсембаев дубль авторлары атанды. Марсель Бекбаев командастарына төрт мәрте голдық пас берді. Павлодарлық қақпашы Тихон Пушков қақпаға бағытталған 44 соққыны қайтарды.

«Мұнайшы» - «Арлан» 7:1 (2:0, 1:0, 4:1)

1:0 - 01:01 - Қаршығаев (Бекбаев, Гривас) ГБ

2:0 - 19:10 - Сәрсембаев (Бекбаев)

3:0 - 22:27 - Бабешко (Ташимов, Сәрсембаев)

4:0 - 43:25 - Қаршығаев (Бекбаев, Калина) ГБ

5:0 - 44:14 - Бабешко

6:0 - 46:27 - Есеркепов (Бекбаев)

6:1 - 47:00 - Акибаев (Акименко, Нуреев)

7:1 - 50:13 - Сәрсембаев

Қақпашылар: Пушков - Аминов (Лаюров, 22:27-60:00)

Күннің басты кездесуінде чемпионат көшбасшылары – «Кармет» пен «Барыс» жолықты. Матчтың негізгі оқиғалары екінші кезеңде өрбіді, осы аралықта қос команда бірігіп, жеті шайба соқты. Нәтижесінде жеңімпаз овертаймда анықталды, онда астаналық командаға екі ұпайды Амир Гафуров сыйлады. Таир Бигаринов теміртаулықтарды екі рет қапы қалдырды. Қонақтар сапында Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 40 соққыны қайтарды. Осы нәтижеден кейін Андрей Шаяновтың шәкірттері «Карметпен» ұпай санын теңестіріп, қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыластарын басып озды.

«Барыс» - «Кармет» 5:4 ОТ (0:0, 4:3, 0:1, 1:0)

0:1 - 23:15 - Быков ГБ

0:2 - 24:24 - Лигай (Рублёв, Қалқабек)

1:2 - 25:36 - Тұрсынов (Бигаринов, Кучковский)

1:3 - 28:38 - Рублёв (Қалқабек)

2:3 - 33:12 - Тілеухан (Сидоренко, Кубатаев)

3:3 - 35:25 - Бигаринов

4:3 - 38:23 - Бигаринов (Қайыргелді, Тілеухан)

4:4 - 57:18 - Маринин (Вагнер, Быков)

5:4 - 63:22 - Гафуров

Қақпашылар: Кучковский - Зюзин

«Торпедо» матчты екпіндетіп бастап, «Құлагерді» жеңіліске ұшыратты. Кездесудің қаһарманы – хет-трик жасаған Алексей Трегубов.

«Торпедо» - «Құлагер» 7:3 (4:0, 2:2, 1:1)

1:0 - 00:46 - Трегубов (Ануфриев)

2:0 - 10:19 - Ергешев (Гасников, Сағымбаев) ГБ

3:0 - 11:45 - Трегубов (Дубинкин, Украинцев)

4:0 - 15:33 - Трегубов (Ануфриев, Дубинкин)

4:1 - 26:42 - Илияс (Толстенев) ГБ

5:1 - 30:48 - Худяков (Гасников, Сағымбаев)

5:2 - 30:59 - Хусаинов (Илияс)

6:2 - 37:44 - Абденов (Асанов, Худяков)

7:2 - 49:37 - Барбанаков (Ергешев)

7:3 - 54:00 - Хусаинов (Илияс, Дрождин)

Қақпашылар: Грохотов - Роговской


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.