Алматы нәтижелілік рекордын орнатты, Әмірқанов пента-трик жасады, Павлодардағы овертайм, елордадағы буллиттер

3 jeltoqsan
702

Jastar Ligasy-ның Рудныйдағы, Павлодар мен Астанадағы матчтарын бақылаймыз.

«Горняк» «Алматыға» қарсы ойында сүрініп, 17 шайба жіберіп, ойсырай жеңілді. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Арстан Әмірқанов болды — ол қарсыластар қақпасын 5 рет дәл көздеп, 5 голдық пас берді. Данила Шевченко 8 (4+4) ұпай жинаса, Павел Татаринцев хет-трик авторы атанды. Оңтүстік астанадан келген команда үшін бұл жеңіс биылғы маусымдағы оныншы жетістік болды.

«Горняк» - «Алматы» 1:17 (0:4, 0:6, 1:7)

0:1 - 07:11 - Шевченко (Татаринцев, Әмірқанов)

0:2 - 08:49 - Шевченко (Татаринцев, Манажанов) ГМ

0:3 - 08:56 - Әмірқанов (Татаринцев) ГМ

0:4 - 13:27 - Корсаков (Әмірқанов)

0:5 - 21:36 - Татаринцев (Әмірқанов, Шевченко) ГБ

0:6 - 23:29 - Отоудинов (Рузбакиев, Ивановский)

0:7 - 31:40 - Шевченко (Әмірқанов, Ырыс)

0:8 - 34:54 - Әмірқанов (Ырыс, Шевченко)

0:9 - 35:05 - Шевченко (Әмірқанов, Татаринцев)

0:10 - 35:19 - Курносенко

1:10 - 42:48 - Шахимурат (Стенников)

1:11 - 43:50 - Әмірқанов

1:12 - 44:16 - Әмірқанов (Шевченко, Ырыс)

1:13 - 44:29 - Киялов (Снытин, Токтасынов)

1:14 - 49:50 - Әмірқанов (Шевченко, Манажанов)

1:15 - 51:32 - Татаринцев ГБ

1:16 - 53:33 - Мұраталиұлы ГМ

1:17 - 58:51 - Татаринцев (Ырыс) ГБ

Қақпашылар: Камбаров (Ибраев, 31:40-44:29) - Павлов (Колесник, 31:40-60:00)

«Арлан» Павлодардағы екінші матчта жеңілістен әрең құтылды. Көкшетаулықтар ойын барысында үш шайба айырмасымен ұтылып жатқанымен, қайтадан күш жинап, есепті теңестіре алды. Тіпті Ерасыл Кентаев матч аяқталуына 10 секунд қалғанда ойынды овертаймға жіберді. Қосымша бес минуттықта сол Кентаев қонақтарға екі ұпай алып берді. Алаң иелері сапында Артур Мелехов дубль авторы атанды.

«Мұнайшы» - «Арлан» 4:5 ОТ (3:1, 1:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 04:02 - Мелехов (Липейко, Коваленко)

1:1 - 10:05 - Асқатұлы (Байков, Валеев)

2:1 - 14:03 - Мелехов (Липейко, Коваленко)

3:1 - 16:13 - Калина (Қаршығаев, Бекбаев) ГБ

4:1 - 25:00 - Бекбаев (Қаршығаев)

4:2 - 37:48 - Бикситов (Дархан)

4:3 - 48:58 - Дәулетбек (Байков, Акименко) ГБ

4:4 - 59:50 - Кентаев (Тукин, Дәулетбек)

4:5 - 62:58 - Кентаев (Бикситов)

Қақпашылар: Пушков - Лаюров

«Барысқа» да, «Карметке» де жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт тағы да жетпеді. Бүгін барлығы буллиттер сериясында шешілді. Екі ұпайды тағы да астаналық команда еншілеп, чемпионаттың жеке дара көшбасшысы атанды. Шешуші соққының авторы — Нұралы Айтмағамбетов.

«Барыс» - «Кармет» 4:3 Б (1:1, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 16:18 - Ломако (Тілеубаев, Қабдуали)

1:1 - 16:40 - Вагнер (Стариненко)

1:2 - 28:09 - Забурдяев

2:2 - 29:42 - Тілеухан (Бигаринов, Кубатаев)

3:2 - 50:22 - Гафуров (Аманғалиев)

3:3 - 51:30 - Гареев (Нұрқанов, Давлетшин)

4:3 - 65:00 – Айтмағамбетов ПБ

Қақпашылар: Кравцов - Зюзин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.