Бейсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында үш матч жоспарланды.
«Алматы» Рудныйдағы екінші ойында да «Горнякқа» ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Қарсыластарын Павел Татаринцев пен Данила Шевченко үш реттен қапы қалдырды. Төрт ұпай еншілеген оңтүстік астаналық команда плей-офф аймағынан бар-жоғы бір ұпайға кейін қалды.
«Горняк» - «Алматы» 2:10 (2:1, 0:5, 0:4)
0:1 - 01:47 - Шмидт (Курносенко, Корсаков)
1:1 - 02:29 - Стенников (Исмаилов)
2:1 - 09:18 - Михальченко (Абдуллаев, Фатыхов)
2:2 - 24:21 - Татаринцев (Ырыс)
2:3 - 24:40 - Токтасынов (Курносенко, Шмидт)
2:4 - 28:11 - Татаринцев (Шевченко) ГБ
2:5 - 30:17 - Шевченко (Амырканов, Киялов)
2:6 - 33:46 - Шевченко (Амырканов, Манажанов) ГМ
2:7 - 44:10 - Ырыс (Татаринцев, Амырканов) ГБ
2:8 - 47:07 - Татаринцев (Амырканов) ГБ
2:9 - 53:22 - Шевченко
2:10 - 58:49 - Ырыс (Татаринцев, Манажанов)
Қақпашылар: Ибраев (Камбаров, 40:00-53:22, 56:06-60:00) - Павлов (Әлібаев, 40:00-60:00)
«Жас Батыр» да сенімді жеңіске қол жеткізіп, «Тұранды» ойсырата ұтты. Әмір Бағытжанов пен Егор Максимов екі-екі голдан соқты. Осы жеңістен кейін атыраулықтар төртінші орында тұрған «Торпедомен» ұпай санын теңестірді.
«Жас Батыр» - «Тұран Тайгерс» 8:1 (3:1, 2:0, 3:0)
1:0 - 06:17 - Бағытжанов (Максимов, Польский)
2:0 - 10:26 - Иконников (Юдин)
2:1 - 10:40 - Ержігіт (Котов, Мартынов)
3:1 - 12:03 - Максимов (Польский)
4:1 - 22:16 - Бағытжанов (Максимов, Польский)
5:1 - 30:17 - Максимов (Чокпаров, Багитжанов)
6:1 - 40:07 - Базунц (Забурдяев)
7:1 - 42:21 - Забурдяев (Базунц)
8:1 - 52:57 - Таутанов (Исаков) ГМ
Қақпашылар: Костоев (Аманғали, 40:00-60:00) - Байдек
«Сұңқар» кешегі «Ақтөбеге» қарсы ойындағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды. Бүгін қонақтар оралдықтардың қақпасын ала алмады – Абай Шәріпов қақпаға бағытталған 45 соққыны қайтарды. Ал шабуылшылар өз қақпашысына Сергей Иваницкий, Ибрагим Маликов, Владислав Михеев және Кирилл Костенконың дәл соққыларымен көмектесті.
«Сұңқар» - «Ақтөбе» 4:0 (2:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 04:29 - Иваницкий
2:0 - 14:17 - Маликов (Суфьянов, Утепкалиев)
3:0 - 24:09 - Михеев (Родионов, Талерко)
4:0 - 44:38 - Костенко (Шакубаев, Макаринцев)
Қақпашылар: Шәріпов - Шпигун
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo