Сенбіге Қазақстан жастар чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Торпедо» өз алаңында «Арланды» сенімді түрде жеңді. Бұл ретте көкшетаулықтар бірде-бір шайба соға алмады – Вадим Грохотов 13 соққының барлығын қайтарды. Гол авторлары: Данил Якушкин, Богдан Украинцев, Руслан Чалкин, Владислав Ануфриев және Руслан Пальмтаг.
«Торпедо» - «Арлан» 5:0 (2:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 08:40 - Якушкин (Челюк)
2:0 - 19:49 - Украинцев (Трегубов, Ануфриев) ГБ
3:0 - 20:17 - Чалкин (Трегубов)
4:0 - 45:23 - Ануфриев (Украинцев) ГБ
5:0 - 55:21 - Пальмтаг (Якушкин, Домрачев)
Қақпашылар: Грохотов - Лаюров
«Құлагер» күрделі матчта «Мұнайшыны» жеңіп, биылғы маусымдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Тағы бір қызық жайт – бұл ойында тек бір ғана шайба тең құрамда соғылды. Қонақтар қатарынан Артур Хусаинов дубль жасаса, петропавлдықтардың қақпашысы Станислав Валентюкевич қақпаға бағытталған 27 соққыны қайтарды.
«Мұнайшы» - «Құлагер» 3:4 (2:2, 0:1, 1:1)
0:1 - 11:23 - Хусаинов (Илияс) ГМ
1:1 - 11:40 - Калина (Бекбаев, Каршыгаев) ГБ
1:2 - 13:45 - Круглов (Гридчин, Дрождин) ГБ
2:2 - 15:16 - Бабешко (Ташимов, Шишикин) ГБ
2:3 - 37:32 - Фролов (Седов, Телегин) ГБ
2:4 - 41:26 - Хусаинов (Илияс) ГМ
3:4 - 57:35 - Гривас (Есеркепов, Бабешко)
Қақпашылар: Пушков - Валентюкевич
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo