Металлургтер қаласындағы буллиттер, Құлагер Павлодардан 4 ұпаймен қайтты, Жас Батыр Ақтөбені жеңді

7 jeltoqsan
589

Jastar Ligasy-ның Теміртаудағы, Павлодар мен Атыраудағы матчтарын бақылайық.

«Кармет» пен «Астана» арасындағы матчта жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Алаң иелеріне екі ұпайды Никита Рублёвтің дәл соққысы алып келді. «Сары-қаралар» қақпашысы Фёдор Илларионов 20 сейв жасады. Максим Худяковтың шәкірттері бұл жеңістен кейін кем дегенде ертеңгі кешке дейін турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.

«Кармет» - «Астана» 2:1 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 08:11 - Жұмаділдинов (Сүлейменов)

1:1 - 47:13 - Гордин

2:1 - 65:00 – Рублёв ПБ

Қақпашылар: Илларионов - Есен

«Құлагер» Павлодарда «Мұнайшыдан» тағы да басым түсті. Шешуші кезең екінші ойын бөлімі болды, сол уақытта алаң иелерінің қақпасына төрт шайба соғылды. Петропавлдықтар сапынан Артур Хусаинов хет-трик жасап көзге түсті, ал Роман Гридчиннің еншісінде үш нәтижелі пас бар. Осы жеңістен кейін солтүстікқазақстандықтар плей-офф аймағына көтерілді.

«Мұнайшы» - «Құлагер» 3:6 (2:1, 1:4, 0:1)

1:0 - 09:14 - Ташимов (Киреев, Гебель)

2:0 - 14:18 - Бекбаев (Бабешко, Каршыгаев)

2:1 - 15:33 - Хусаинов (Гридчин)

2:2 - 23:31 - Телегин (Фролов, Седов)

2:3 - 29:54 - Дрождин (Ілияс, Хусаинов)

3:3 - 34:37 - Бекбаев ШБ

3:4 - 34:58 - Хусаинов (Гридчин)

3:5 - 36:52 - Хусаинов (Гридчин)

3:6 - 49:27 - Седов (Толстенев, Телегин)

Қақпашылар: Челайдюк (Пушков, 36:52-60:00) - Валентюкевич

Дулат Еркіновтің тамаша ойыны «Жас Батырға» батыстағы тартыста «Ақтөбеден» құрғақ есеппен жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Атыраулықтардың қақпашысы қақпаға бағытталған 37 соққының барлығын тойтарды. Қақпашыға Марк Забурдяев дубль жасап, Никита Польский және Егор Максимов гол соғып қолдау көрсетті.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 05:12 - Забурдяев (Пиниди, Еркинов) ГБ

2:0 - 39:43 - Забурдяев (Юдин, Пиниди) ГБ

3:0 - 44:46 - Польский

4:0 - 53:02 - Максимов (Ильясов) ГМ

Қақпашылар: Еркінов - Шпигун


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.