Қарбалас дүйсенбі хоккей жанкүйерлеріне Қазақстанның жастар чемпионатында бірден төрт матч сыйлады.

«Сұңқар» аса тартысты кездесуде «Тұранды» жеңіп шықты. Алдымен командалар көпшілік құрамда бір-бір шайбадан соқты: Владислав Михеев пен Әділет Әлихан көзге түсті. Ал оралдықтарға екі ұпайды финалдық сиренаға алты минут қалғанда дәл соққы жасаған Михаил Черников алып келді. Алаң иелерінің қақпашысы Игнат Яговкин өз есебіне 38 сейв жазды.
«Сұңқар» - «Тұран Тайгерс» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)
1:0 - 20:19 - Михеев (Серікболатов, Суфьянов) ГБ
1:1 - 45:58 - Алихан (Мартынов, Габдулин) ГБ
2:1 - 54:05 - Черников (Иваницкий, Талерко)
Қақпашылар: Яговкин - Мельников

«Горняк» чемпионат көшбасшыларының біріне лайықты қарсылық көрсете алмады. Ойынның бастапқы бөлігінде-ақ «Барыс» бес голдық шабуыл ұйымдастырды. Кейін есеп айырмасы тым үлкейіп кетті. Қонақтар сапындағы шабуылшы Леонид Шакенов покер авторы атанса, Таир Бигаринов қарсыластар қақпасына екі шайба соқты. Алдияр Қабдуәли өз есебіне 4 (1+3) ұпай жазды.
«Горняк» - «Барыс» 0:14 (0:5, 0:6, 0:3)
0:1 - 02:00 - Бигаринов (Тілеухан, Айболұлы)
0:2 - 02:50 - Кубатаев (Шакенов, Қабдуали)
0:3 - 05:05 - Бигаринов (Айболұлы, Елдес)
0:4 - 14:37 - Шәкенов
0:5 - 18:17 - Шәкенов
0:6 - 21:27 - Қайыргелді (Церульников)
0:7 - 21:55 - Гафуров (Церульников, Қайыргелді)
0:8 - 24:41 - Қабдуали (Кравченко)
0:9 - 29:55 - Тілеубаев (Қабдуали, Кравченко)
0:10 - 36:04 - Саттар (Тілеухан, Бигаринов)
0:11 - 38:24 - Шакенов
0:12 - 54:05 - Тілеухан (Айболұлы, Саттар)
0:13 - 56:55 - Ломако (Кравченко, Кабдуали) ГБ
0:14 - 59:05 - Шакенов (Кубатаев)
Қақпашылар: Камбаров (Ибраев, 20:00-24:41) - Кучковский

«Ақтөбе» Атырауда сенімді түрде қарымта қайтарды. Батыс Қазақстандағы екінші тартыста қонақтардың жеңісіне Матфей Катасонов пен Артём Кошевниктің дубльдері себеп болды. Сонымен қатар қонақтар қақпашысы Кирилл Шпигун қақпаға бағытталған 49 соққыны қайтарды.
«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 2:6 (1:3, 1:3, 0:0)
0:1 - 05:25 - Болат
0:2 - 06:39 - Росхрест (Шпак, Кадыров)
1:2 - 16:53 - Иконников (Дурглишвили, Прохоров) ГБ
1:3 - 17:43 - Катасонов ШБ
1:4 - 20:38 - Кошевник (Герасимов)
1:5 - 33:37 - Кошевник (Зубарев, Болат) ГБ
2:5 - 37:11 - Дурглишвили (Польский)
2:6 - 38:29 - Катасонов (Артамонов, Потапов)
Қақпашылар: Костоев - Шпигун

Металлургтер қаласында өткен «Кармет» пен «Астананың» екінші кездесуінде шешуші екінші кезең болды – осы аралықта алаң иелері үш шайба соқты. Бұл серпіліс «сары-қараларға» ойынның соңғы кезеңін бірқалыпты өткізіп, кезекті екі ұпай алуға мүмкіндік берді. Мергендер қатарын Эдуард Ольденбургер, Адам Стариненко, Никита Лигай және Лев Гордин толықтырды. Алексей Зюзин 25 сейв жасады.
«Кармет» - «Астана» 4:0 (1:0, 3:0, 0:0)
1:0 - 16:26 - Ольденбургер (Соколов, Рублёв) ГБ
2:0 - 23:22 - Стариненко (Вагнер, Ольденбургер) ГБ
3:0 - 31:57 - Лигай (Калкабек, Соколов)
4:0 - 34:25 - Гордин (Коротких, Быков)
Қақпашылар: Зюзин - Есен (Орешко, 34:25-59:44)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar