Торпедо мен Барыс-Жас жартылай финалды жеңістен бастады. Плей-оффтың алтыншы күніне шолу

28 naýryz
1056

«Торпедо» нәтижелі тартыста «Ястребы» командасын жеңіп, жартылай финалдағы жеңістер есебін ашты. «Барыс-Жас» маусымда алғаш рет «Барысты» жеңді.

«Ястребы» матчты жақсы бастап, есепті бірінші минутта-ақ ашты. Алайда әрі қарай оралдық команданың ойыншылары алаңнан аластатылып, команда әлсіреді. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелері көпшілік құрам ұйымдастырды. Нәтижесінде осы сәт шешуші болды. «Ястребы» жағдайды түзеуге тырысты, алайда сары-қаралардың әрбір голына «торпедолықтар» өзінің нәтижелі шабуылымен жауап берді. Владимир Беляевтің командасы жартылай финалды жеңістен бастайды.

«Торпедо» – «Ястребы» 7:4 (3:1, 2:2, 2:1)

Сериядағы есеп: 1-0

0:1 – 00:55 – Васин

1:1 – 09:49 – Гавриленко (Подшивалов, Кизекпаев) ГБ

2:1 – 10:46 – Тютюньков Д. (Перов) ГБ

3:1 – 17:52 – Тютюньков Д. (Омельковец) ГБ

4:1 – 23:59 – Алдабергенов (Храмов)

4:2 – 26:52 – Ницевич (Чалов) ГБ

5:2 – 35:43 – Кизекпаев (Побединский)

5:3 – 37:48 – Чалов (Капица) ГБ

6:3 – 48:42 – Перов (Тютюньков Д.)

6:4 – 51:10 – Чалов (Сафаргалиев, Ницевич)

7:4 – 56:12 – Гавриленко (Кизекпаев) ПВ

Қақпашылар: Осокин (Ершов, 52:29–60:00) – Емельянов (Осипов (36:07–60:00)

«Барыс-Жас» кездесудің соңында жеңісті «Барыстағы» ұяластарынан жұлып әкетті. Жеңісті шайба Артём Авдеенкоға тиесілі. Жекпе-жектің тағы бір қаһарманы жеңімпаздар қақпашысы Владислав Пестов болды.

«Барыс» - «Барыс-Жас» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2 )

Сериядағы есеп: 0-1

0:1 – 12:45 – Бейсембиев (Поленов)

1:1 – 27:34 – Ищенко

1:2 – 55:38 – Авдеенко (Бахитжанов, Бекеев Ж.)

1:3 – 59:49 – Сайко ПВ

Қақпашылар: Калмыков - Пестов