Қазақстанның жастар чемпионатында бейсенбі күні екі кездесу жоспарланған.

«Торпедо» қарқынды өткен бастапқы кезеңнің арқасында Павлодарда «Мұнайшыны» тағы да жеңді. Қонақтар сапында Данил Пупков дубль авторы атанса, Владислав Ануфриев үш нәтижелі шабуылға қатысты. Осы жеңістен кейін «торпедолықтар» 40 ұпай межесіне жетіп, турнир кестесінде төртінші орынға орнықты.
«Мұнайшы» - «Торпедо» 0:5 (0:4, 0:1, 0:0)
0:1 - 07:08 - Сагымбаев (Ануфриев, Худяков)
0:2 - 12:08 - Пупков (Барбанаков)
0:3 - 14:44 - Пупков (Ботищев, Барбанаков)
0:4 - 15:47 - Чалкин (Трегубов, Ануфриев)
0:5 - 28:57 - Ануфриев (Сагымбаев) ГБ
Қақпашылар: Пушков (Плотников, 15:43-60:00) - Грохотов (Осенин, 40:00-60:00)

Құрғақ есеппен жеңіске «Жас Батыр» да жетті, олар «Сұңқармен» өткен кездесудің соңында нәтиже көрсетті. Оралдықтардың қақпасына Кирилл Юдин екі шайба соқты, тағы бір голды Раты Дурглишвили өз есебіне жазды. Абай Шәріпов қақпаға бағытталған 38 соққыны қайтарды. Бесінші орында тұрған атыраулықтар «Торпедоны» қуып жетуді жалғастыруда.
«Жас Батыр» - «Сұңқар» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 38:24 - Дурглишвили (Иконников, Польский) ГБ
2:0 - 52:29 - Юдин (Ильясов) ГМ
3:0 - 58:04 - Юдин (Багитжанов) ПВ
Қақпашылар: Еркінов - Шарипов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar