Құлагер қатарынан үшінші матчта жеңді, Алматының үздік сегіздікке енуіне бір қадам қалды, Астана Горнякты тырп еткізбеді

12 jeltoqsan
691

Қазақстан жастар чемпионатының Петропавлдағы, Көкшетау мен Астанадағы матчтарын бақылаймыз.

«Құлагер» өз айдынында «Тұранды» жеңіп, қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті. Алаң иелерінің шабуылшысы Сергей Кузьмин екі шайбамен көзге түсті. Станислав Валентюкевич қақпаға бағытталған 35 соққыны қайтарды. Ал «тайгерс» үшін бұл жеңіліс қатарынан алтыншысы болды.

«Құлагер» - «Тұран Тайгерс» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

1:0 - 11:16 - Кузьмин (Маринов)

2:0 - 29:15 - Хусаинов (Гридчин, Валентюкевич) ГБ

2:1 - 31:26 - Нурлан (Мартынов, Сенько)

3:1 - 57:05 - Кузьмин (Спиридонов, Рыбин)

4:1 - 59:37 - Илияс (Телегин, Толстенев) ПВ

Қақпашылар: Валентюкевич - Байдек

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі көршілер — «Арлан» мен «Алматы» арасындағы кездесуде оңтүстік астананың командасы басым түсті. Қонақтар сапында Темірлан Марат екі дәл соққымен көзге түсті. Алматылықтардың қақпашысы Александр Павлов қарсыластардың есепті өзгертуге бағытталған 23 соққысын тойтарды. Осы жеңістің арқасында «Алматы» плей-офф аймағынан қалып тұрған айырмашылықты бір ұпайға дейін қысқартты.

«Арлан» - «Алматы» 3:5 (1:0, 1:2, 1:3)

1:0 - 13:44 - Акибаев (Ерес)

1:1 - 23:35 - Амырканов (Ивановский, Отоудинов)

1:2 - 25:56 - Марат (Шмидт, Югай)

2:2 - 32:59 - Нуреев (Мирошниченко)

3:2 - 47:59 - Толуспаев (Нуреев)

3:4 - 49:30 - Шевченко (Югай)

3:4 - 54:15 - Марат

3:5 - 57:46 - Токтасынов (Ивановский, Шевченко) ГБ

Қақпашылар: Лаюров - Павлов

«Горняк» қатарынан үшінші матчта астаналық командаларға қарсы ойнады, әрі үшінші кездесуде де кеншілер қарсыластарына төтеп бере алмады. Ойынның ең нәтижелі хоккейшісі «Астана» шабуылшысы Владимир Чепышкин болды — ол 4 (2+2) ұпай жинады. Қонақтар құрамында Давид Стенников дубль авторы атанды.

«Астана» - «Горняк» 7:2 (3:0, 2:0, 2:2)

1:0 - 02:30 - Валиханов (Оразгали)

2:0 - 05:22 - Чепышкин (Кыдырбай, Тагнер)

3:0 - 18:07 - Графкин (Чепышкин)

4:0 - 24:40 - Чепышкин (Калиев, Смаганбет)

5:0 - 36:44 - Кыдырбай (Дровосеков, Абдрахманов) ГБ

6:0 - 44:59 - Смаганбет (Мышляев, Калиев)

6:1 - 47:42 - Стенников (Здоровенко, Бопп) ГБ

6:2 - 49:24 - Стенников (Михальченко, Абдуллаев) ГБ

7:2 - 59:40 - Хидуанов (Чепышкин) ГМ

Қақпашылар: Орешко - Камбаров


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.