Ақтөбе мен Атырауда өтіп жатқан Қазақстан жастар чемпионатының матчтарын бақылап отырамыз.

Көшбасшылар үштігіндегі командалардың тартысында айтарлықтай күрес болмады. «Барыс» екінші кезеңді өте қарқынды өткізіп, «Ақтөбені» ірі есеппен жеңді. Хаким Кубатаев дубль авторы атанса, Рахимбек Мейірман елордалық ұжымның төрт нәтижелі шабуылына қатысты. Қонақтар қақпашысы Арсений Кучковскийдің еншісінде 34 сейв бар.
«Ақтөбе» - «Барыс» 0:9 (0:1, 0:5, 0:3)
0:1 - 00:56 - Церульников (Шакенов, Амангалиев)
0:2 - 26:08 - Мейірман (Кубатаев)
0:3 - 28:26 - Тілеухан (Саттар, Айболұлы)
0:4 - 29:49 - Кубатаев (Шакенов, Мейрман)
0:5 - 38:15 - Кравченко (Тлеубаев, Мейірман)
0:6 - 38:30 - Кубатаев (Гафуров, Елдес)
0:7 - 52:34 - Бигаринов (Мейірман, Мұқашев)
0:8 - 54:11 - Кабдуали (Кравченко)
0:9 - 59:01 - Гафуров (Мейірман) ГМ
Қақпашылар: Шпигун (Литвинцев, 40:00-60:00) - Кучковский

Батыс Қазақстаннан шыққан екі команданың екінші текетіресінде де «Жас Батыр» басым түсті — команда төртінші орында келе жатқан «Торпедоға» жақындай түсті. Атыраулықтардың жеңісіне Карим Исаков, Владислав Иконников, Кирилл Юдин мен Егор Максимовтың дәл соққылары, сондай-ақ Дулат Еркіновтың орындауындағы 40 сейв ықпал етті.
«Жас Батыр» - «Сұңқар» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 02:33 - Исаков
2:0 - 25:34 - Иконников (Прохоров)
2:1 - 28:13 - Михеев (Суфьянов, Серикбулатов) ГБ
3:1 - 29:49 - Юдин (Забурдяев, Дурглишвили) ГБ
4:1 - 56:40 - Максимов (Иконников)
Қақпашылар: Еркінов - Шарипов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar