Дүйсенбіге Jastar Ligasy-нда төрт матч жоспарланған.

«Торпедо» өз алаңында «Астананы» тағы да жеңді. Кездесуде шешуші кезең соңғы бөлік болды – осы уақытта өскемендіктер қарсылас қақпасын үш рет дәл көздеді. Жеңіс шайбасын Даниэль Абденов соқты. Алаң иелері қақпашысы Вадим Грохотов өз еншісіне 15 сейв жазды.
«Торпедо» - «Астана» 4:1 (1:1, 0:0, 3:0)
0:1 - 07:22 - Секербай
1:1 - 13:59 - Челюк (Ануфриев, Худяков)
2:1 - 54:59 - Абденов (Бурнашов)
3:1 - 57:08 - Трегубов (Мерзликин, Чалкин)
4:1 - 58:04 - Мерзликин (Трегубов) ПВ
Қақпашылар: Грохотов - Есен

«Арлан» Рудный қаласынан төрт ұпаймен оралды. Қонақтар шешуші серпілісті екінші кезеңде жасап, сол уақытта «көкжалдар» қарсылас қақпасын бес рет дәл көздеді. Глеб Ершов дубль авторы атанды.
«Горняк» - «Арлан» 2:6 (1:1, 0:5, 1:0)
1:0 - 14:46 - Жұмағалиев (Стенников, Фатыхов)
1:1 - 18:39 - Ершов
1:2 - 20:10 - Бикситов
1:3 - 24:00 - Тукин (Кентаев, Бикситов) ГБ
1:4 - 25:45 - Ершов (Мирошниченко, Алиев)
1:5 - 26:48 - Асқатұлы
1:6 - 29:49 - Айтқожа (Нуреев) ГМ
2:6 - 59:50 - Стенников ШБ
Қақпашылар: Шинковский – Лаюров

«Алматы» «Жас Батырдан» сенімді қарымта қайтарып, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Алаң иелерінің жеңіс шайбасын кем құрамда көзге түскен Арыстан Әмірқанов соқты. Оңтүстік астаналық команданың қақпашысы Илья Яковенко қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.
«Алматы» - «Жас Батыр» 6:1 (1:0, 1:0, 4:1)
1:0 - 13:27 - Мұраталиұлы (Татаринцев)
2:0 - 22:22 - Әмірқанов (Манажанов) ГМ
3:0 - 43:47 - Манажанов
3:1 - 50:55 - Максимов (Юдин, Забурдяев)
4:1 - 53:28 - Сергиенко
5:1 - 57:23 - Ивановский (Татаринцев, Әмірқанов) ГБ
6:1 - 58:51 - Рузбакиев (Мұраталиұлы, Отоудинов)
Қақпашылар: Яковенко - Еркінов (Аманғали, 57:23-60:00)

Жетекші үштікке кіретін командалардың екінші текетіресінде де тартыс болған жоқ. «Кармет» өз мүмкіндіктерін өте ұқыпты жүзеге асырды. Ал «Ақтөбе» Алексей Зюзиннің қақпасын бұза алмады – ол матчта 28 соққыны қайтарды. Тимофей Симонов дубль авторы атанса, Лев Гордин серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» - «Кармет» 0:7 (0:2, 0:2, 0:3)
0:1 - 03:48 - Гареев (Нұрқанов)
0:2 - 04:20 - Рублёв (Қалқабек)
0:3 - 22:00 - Буяльский (Божко, Гордин)
0:4 - 39:02 - Лигай (Калкабек, Рублёв)
0:5 - 48:08 - Божко (Гордин, Симонов) ГБ
0:6 - 51:04 - Симонов (Вагнер, Быков)
0:7 - 58:58 - Симонов (Гордин, Борисов)
Қақпашылар: Шпигун (Литвинцев, 51:04-60:00) - Зюзин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo