«Барыс-Жас» «Барыспен» серияда тағы да алға шықты. «Ястребы» «Торпедомен» жекпе-жекте алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Үшінші жартылай финалдық кездесуде «Барыс-Жас» пен «Барыс» тартысты негізгі уақыттан тыс жалғастырды. Нәтижесінде, Александр Березенскийдің командасы Александр Фокин дөп салған соққының арқасында жеңіске жетті. Негізгі уақытта дубльді жеңімпаздар құрамынан Владислав Сайко жасады. «Барыс-Жас» тағы да серияда көш бастады.
«Барыс Жас» - «Барыс» 3:2 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 1:0)
Сериядағы есеп: 2-1
0:1 – 04:37 – Касенов (Ищенко, Оспанов)
1:1 – 10:36 – Сайко (Авдеенко) ГМ
2:1 – 40:36 – Сайко (Сулейменов, Морожников) ГБ
2:2 – 44:10 – Маркабаев (Нурлан)
3:2 – 61:41 – Фокин А. (Муратов, Бахитжанов)
Қақпашылар: Пестов – Павленко
Оралдық ұжым «Торпедомен» жартылай финалдық серияның үшінші матчында тартысып, жеңіске жетті. Жеңімпаздар құрамынан кездесудің 46-шы минутында шешуші шайбаны салған Валерий Ницевич дубль жасады. Өскемендіктер құрамынан қос шайба Диас Тютюньковтың есебінде. Ринат Омарбековтің командасы бұл сериядағы айырмашылықты азайтты.
«Ястребы» – «Торпедо» 3:2 (0:1, 2:0, 1:1)
Сериядағы есеп: 1-2
0:1 – 06:14 – Тютюньков Д. (Омельковец) ГБ
1:1 – 28:01 – Чалов (Медведев, Ницевич) ГБ
2:1 – 33:32 – Ницевич (Медведев)
2:2 – 40:24 – Тютюньков Д. (Шаймардан)
3:2 – 45:41 – Ницевич (Адеев, Чалов)
Қақпашылар: Емельянов – Осокин