Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасы Қазақстанның жастар чемпионатындағы төрт кездесуден басталады.

«Жас Батыр» «Мұнайшының» арынын басты. Қорытынды кезеңнің алдында есепте ұтылып тұрған атыраулықтар қарқынды ойын өрнегін көрсетіп, таразы басын өз пайдасына аударды. Жеңіс шайбасының авторы – дубль жасаған Кирилл Юдин.
«Жас Батыр» - «Мұнайшы» 6:4 (1:1, 0:2, 5:1)
0:1 - 09:20 - Бекбаев (Бабешко)
1:1 - 12:45 - Конрадий (Прохоров)
1:2 - 29:33 - Сәрсембаев (Есеркепов) ГБ
1:3 - 36:49 - Бекбаев (Бабешко)
2:3 - 49:49 - Юдин (Забурдяев)
3:3 - 50:12 - Польский
4:3 - 51:54 - Максимов (Забурдяев)
5:3 - 52:21 - Юдин
5:4 - 55:59 - Есеркепов
6:4 - 57:26 - Иконников (Польский, Багитжанов)
Қақпашылар: Костоев - Плотников (Пушков, 52:21-60:00)

«Кармет» үш айға созылған «Барыстың» сәтті сериясын тоқтатты. Осы аралықта елордалық ұжым қатарынан 27 жеңіске жеткен еді. «Сары-қаралар» сапында Илья Гареев дубльмен көзге түссе, Виталий Божко командаластарына үш рет нәтижелі пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Алексей Зюзин 25 соққыны қайтарды. Осы нәтижеден кейін Максим Худяковтың шәкірттері турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.
«Кармет» - «Барыс» 5:4 (2:1, 2:0, 1:3)
0:1 - 02:43 - Айтмағамбетов (Қабдуали) ГМ
1:1 - 03:23 - Степанов (Божко, Гордин) ГБ
2:1 - 06:06 - Гареев (Божко) ГБ
3:1 - 36:56 - Гордин (Симонов, Божко)
4:1 - 38:43 - Быков (Нұрқанов, Гареев)
4:2 - 40:09 - Тілеубаев (Қабдуали, Айтмағамбетов)
4:3 - 48:22 - Кубатаев (Гафуров, Мейірман) ГБ
5:3 - 48:54 - Гареев (Нұрқанов)
5:4 - 53:42 - Шегебаев (Шәкенов)
Қақпашылар: Зюзин - Кучковский

«Тұран» «Арланнан» мықтырақ болды. Ойындағы шешуші рөлді үшінші кезең атқарды, бұл уақытта түркістандықтар қарсылас қақпасына төрт шайба соқты.
Мейіржан Нұрлан (1+3) мен Вадим Приморцев-Агеев кездесудің ең нәтижелі ойыншылары атанды. Қонақтар сапынан Ерасыл Кентаев екі дәл соққымен көзге түсті.
«Тұран Тайгерс» - «Арлан» 7:4 (1:2, 2:0, 4:2)
1:0 - 00:20 - Нұрлан (Приморцев-Агеев, Ержігіт) ГБ
1:1 - 07:37 - Дәулетбек (Нуреев)
1:2 - 16:47 - Кентаев
2:2 - 31:53 - Рахматуллаев (Приморцев-Агеев, Ержигит)
3:2 - 37:38 - Любченко (Мұхамедияров, Нұрлан)
3:3 - 42:31 - Кентаев
4:3 - 44:55 - Ержігіт (Нұрлан, Сенько) ГБ
4:4 - 47:23 - Ершов
5:4 - 49:19 - Сенько (Приморцев-Агеев, Мартынов) ГМ
6:4 - 50:04 - Мартынов (Нұрлан, Сенько)
7:4 - 55:41 - Гизатулин (Любченко, Приморцев-Агеев)
Қақпашылар: Байдек - Аминов

Оралда «Сұңқармен» өткен алғашқы кездесуде «Астана» екі шайбамен алда болды, алайда қорытынды кезеңде қазіргі чемпион ойын тізгінін қолдан шығарып алды. Алаң иелері есепті теңестіріп қана қоймай, екі ұпайға ие болды. Жеңіс шайбасының авторы — Илья Перцев.
«Сұңқар» - «Астана» 4:3 (1:2, 1:1, 2:0)
1:0 - 03:02 - Иваницкий (Өтепқалиев)
1:1 - 06:57 - Сүлейменов (Жұмаділдинов, Петренко) ГБ
1:2 - 11:57 - Секербай (Графкин)
1:3 - 27:58 - Қыдырбай (Оразғали)
2:3 - 38:26 - Иваницкий (Талерко, Родионов)
3:3 - 45:17 - Серікболатов (Родионов, Черников) ГБ
4:3 - 50:32 - Перцев (Макаринцев, Перминов)
Қақпашылар: Шарипов (Яговкин, 27:58-60:00) - Есен
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Aqtóbe
Jas Batyr
Torpedo