Jastar Ligasy-дағы ойын аптасы үш матчпен аяқталады.

«Мұнайшы» мен «Горняк» арасындағы екінші кездесу де павлодарлықтардың толық басымдығымен өтті. Павлодар командасы сапында Павел Бабешко дубль авторы атанса, Юрий Калина үш нәтижелі пас берді. Қақпашы Тихон Пушков қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарды.
«Мұнайшы» - «Горняк» 6:3 (3:2, 1:0, 2:1)
0:1 - 05:34 - Шахимурат (Долганов)
0:2 - 08:23 - Бопп
1:2 - 12:09 - Бабешко (Қаршығаев, Есеркепов)
2:2 - 15:11 - Ташимов (Калина, Анциферов)
3:2 - 18:16 - Қаршығаев (Бекбаев, Есеркепов)
4:2 - 35:48 - Гебель (Ташимов, Калина) ГБ
5:2 - 42:18 - Шишикин (Анциферов, Калина)
6:2 - 47:49 - Бабешко (Сәрсембаев, Бекбаев)
6:3 - 50:26 - Абдуллаев (Лопухов)
Қақпашылар: Пушков - Камбаров

«Кармет» Өскеменнен 4 ұпаймен оралды. Екінші кездесуде барлығы үшінші кезеңде шешілді — «сары-қаралар» үшін жеңіс шайбасын 57-минуттың соңында дәл соққымен көзге түскен Виталий Божко соқты. Одан кейін дубль авторы Тимофей Симонов пен Тимур Давлетшин алаң иелерінің бос қақпасын дәл көздеді. Алексей Зюзин 27 сейв жасады. Осы жеңістен кейін Максим Худяков шәкірттері турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайтты.
«Торпедо» - «Кармет» 2:5 (0:1, 1:1, 1:3)
0:1 - 04:51 - Симонов (Быков, Божко) ГБ
1:1 - 25:10 - Челюк (Ануфриев, Белоусов)
1:2 - 30:39 - Борисов (Божко, Гордин)
2:2 - 48:20 - Гасников (Челюк, Мерзликин) ГБ
2:3 - 56:43 - Божко
2:4 - 59:18 - Симонов (Божко, Гордин) ПВ
2:5 - 59:49 - Давлетшин (Нурканов) ПВ
Қақпашылар: Зиновьев – Зюзин

«Барыс» Оралда сенімді жеңіске жетті. Оралдық қарсыластардың қақпасына Алдияр Қабдуали мен Святослав Харченко екі реттен шайба соқты. Ал Арсений Кучковский 29 соққыны қайтарды.
«Сұңқар» - «Барыс» 1:9 (0:3, 0:4, 1:2)
0:1 - 04:29 - Қабдуали (Тілеубаев, Шакенов)
0:2 - 05:03 - Мукашев (Гафуров, Мейірман) ГБ
0:3 - 13:11 - Гафуров (Кубатаев)
0:4 - 23:23 - Қабдуали (Мейірман)
0:5 - 26:07 - Харченко (Саттар, Елдес)
0:6 - 29:57 - Харченко (Дронов, Саттар)
0:7 - 34:00 - Дронов (Аманғалиев, Крутский) ГБ
1:7 - 42:11 - Макаринцев (Котов, Серікболатов) ГБ
1:8 - 47:20 - Мейірман (Церульников) ГБ
1:9 - 53:58 - Тілеубаев (Қабдуали, Айтмағамбетов)
Қақпашылар: Шарипов (Яговкин, 23:23-60:00) - Кучковский
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar